Қазақ

Құрылғыңыз бұл жүктеп алу қызметін қолдамағанымен, оны жүктеп алу туралы ақпаратты көру үшін пайдалануға болады. Жүктеп алуларға сілтемелер компьютерде жүктеп алу үшін электрондық пошта арқылы жіберіледі.

COOLPIX P1100 бағдарлама жасақтамасы

Операциялық жүйені таңдаңыз.

  • Windows
  • Mac OS

Бұл бағдарламалық жасақтаманың жаңартымы бағдарламасы жоғарыда көрсетілген тұтынушы өніміне («әсер етілетін өнім») арналған және тек төменде көрсетілген келісімді қабылдағанда ғана қамтамасыз етіледі. «Қабылдау» жауабын таңдасаңыз және «Жүктеу» түймесін бассаңыз, сіз келісімнің шарттарын және талаптарын қабылдадыңыз деп есептеледі. Жүктеуді бастау алдында келісімнің шарттарын түсінетініңізге көз жеткізіңіз.

  • • Бұл қызмет COOLPIX P1100 фотокамераларының бағдарлама жасақтамасын 1.1 нұсқасына жаңарту үшін пайдалануға болатын бағдарламалық жасақтаманы қбағдарлама жасақтамасы амтамасыз етеді. Жалғастыру алдында фотокамераның бағдарлама жасақтамасының нұсқасын тексеріңіз. Жоғарыда көрсетілген бағдарлама жасақтамасы орнатылып қойылған болса, бұл жаңартуды жүктеу немесе орнату қажет емес.
  • • Бағдарлама жасақтамасының жаңартымы үшін карта оқу құралы мен компьютер қажет.
  • • Жалғастыру алдында төмендегі ақпаратты оқыңыз.
Бағдарлама жасақтама нұсқасын 1.0-ден 1.1-ге өзгертеді
  • • Келесі мәселелер шешілді:
    • - Сирек жағдайларда, қатарынан түсіру режимінде фотосурет түсіру кезінде масштабтауды реттегенде фотокамера жауап беруін тоқтататын.
    • - Бейнефильм файлдарының метадеректеріндегі кейбір уақыт белгілері нақты жазылған күн мен уақыттан өзгеше болатын.
Фотокамера бағдарлама жасақтамасының нұсқасын көру
  1. Фотокамераны қосыңыз.
  2. Мәзірлерді көрсету үшін фотокамераның MENU түймешігін басыңыз.
  3. Мульти селекторды басып мәзір белгішелерін көрсетіңіз, содан кейін [Set up] (Параметрлерді орнату) тармағын белгілеп, OK түймешігін басыңыз.
  4. Фотокамераның бағдарлама жасақтамасының нұсқасын көрсету үшін [Set up] (Баптау) мәзірінде [Firmware version] (Бағдарлама жасақтамасының нұсқасы) тармағын белгілеп, OK түймешігін басыңыз.
  5. Фотокамераның бағдарлама жасақтамасының нұсқасын тексеріңіз.
  6. Фотокамераны өшіріңіз.
Өнімнің сипаттамасы
Аты COOLPIX P1100 бағдарлама жасақтамасының 1.1 нұсқасы
Қолдау көрсетілетін фотокамералар COOLPIX P1100
Қолдау көрсетілетін бағдарлама жасақтамасының нұсқалары 1.0 нұсқасы
Файл атауы firmware.bin
Авторлық құқық Nikon корпорациясы
Репродукция Рұқсат етілмеген
Фотокамераның бағдарлама жасақтамасын жаңарту
  1. Жұмыс үстелінде қалта жасап, оған «firmware» деген атау беріңзі.
  2. «firmware.bin» файлын жүктеп алыңыз.
  3. «firmware.bin» файлын 1-қадамда жасалған «firmware» қалтасында көшіріңіз.
  4. Карта ұяшығын немесе жад картасын оқу құралын пайдаланып, «firmware» қалтасын фотокамерада пішімделген жад картасына көшіріңіз.
    Ескертпе: «firmware» қалтасын жад картасының түбірлік (ең жоғарғы) каталогына көшіруді ұмытпаңыз. Түбірлік каталог астындағы қалтаға орналастырылған болса, фотокамера жаңа бағдарлама жасақтамасын танымайды.
  5. Жад картасын фотокамераға салып, фотокамераны қосыңыз.
    Ескертпе: картаның құлыпталмағанына көз жеткізіңіз (жазудан қорғалған).
  6. [Set up] (Баптау) мәзірінде [Firmware version] (Бағдарлама жасақтамасының нұсқасы) тармағын таңдаңыз және бағдарлама жасақтамасының жаңартымын аяқтау үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
  7. Жаңарту аяқталғаннан кейін фотокамераны өшіріңіз және жад картасын алыңыз.
  8. Бағдарлама жасақтамасы жаңа нұсқаға жаңартылғанына көз жеткізіңіз.

Ескертпе: жаңартуды сіз үшін Nikon компаниясының қызмет көрсету өкілі орындай алады.

Соңғы пайдаланушының лицензиялық келісімі

PDF файлдарын тегін Adobe® Reader® бағдарламалық жасақтамасын пайдаланып көруге болады.
Adobe® Reader® бағдарламасын жүктеңіз.