Құрылғыңыз бұл жүктеп алу қызметін қолдамағанымен, оны жүктеп алу туралы ақпаратты көру үшін пайдалануға болады. Жүктеп алуларға сілтемелер компьютерде жүктеп алу үшін электрондық пошта арқылы жіберіледі.
Z50II бағдарлама жасақтамасы
Операциялық жүйені таңдаңыз.
Бұл бағдарламалық жасақтаманың жаңартымы бағдарламасы жоғарыда көрсетілген тұтынушы өніміне («әсер етілетін өнім») арналған және тек төменде көрсетілген келісімді қабылдағанда ғана қамтамасыз етіледі. «Қабылдау» жауабын таңдасаңыз және «Жүктеу» түймесін бассаңыз, сіз келісімнің шарттарын және талаптарын қабылдадыңыз деп есептеледі. Жүктеуді бастау алдында келісімнің шарттарын түсінетініңізге көз жеткізіңіз.
-
- • Бұл қызмет Z50II фотокамерасының «C» бағдарлама жасақтамасын 1.01 нұсқасына жаңарту үшін пайдалануға болатын бағдарламалық жасақтаманы қамтамасыз етеді. Жалғастыру алдында фотокамераның [SETUP MENU] (БАПТАУ МӘЗІРІ) ішінде [Firmware version] (Бағдарлама жасақтамасының нұсқасы) тармағын таңдап, фотокамераның бағдарлама жасақтамасының нұсқасын қараңыз. Жоғарыда көрсетілген бағдарлама жасақтамасы орнатылып қойған болса, бұл жаңартуды жүктеу немесе орнату қажет емес.
- • Бағдарлама жасақтамасының жаңартымы үшін карта оқу құралы мен компьютер қажет.
- • Жалғастыру алдында төмендегі ақпаратты оқыңыз.
|
- «C» бағдарлама жасақтамасының нұсқасын 1.00 дегеннен 1.01 дегенге өзгертеді
-
- • «Алдын ала суретке түсіру» енді SmallRig SR-RG2 тұтқасын пайдалану кезінде қолжетімді.
- • Таяу Шығыс аймағында сатылатын Z50II фотокамералары үшін [SETUP MENU] (БАПТАУ МӘЗІРІ) ішінде [Language] (Тіл) тармағына «русский» (орыс) тілі қосылды.
- • [CUSTOM SETTINGS MENU] (ҚОЛДАНУШЫ ПАРАМЕТРЛЕРІНІҢ МӘЗІРІ) ішіндегі d13 [Display on during burst] (Қатарынан түсіру кезінде көрсету) тармағының атауы өзгертілді.
- • Келесі мәселелер шешілді.
- - Сирек жағдайларда, SnapBridge-ге қосылып жатқанда Nikon Imaging Cloud қызметіне қосылғаннан кейін фотокамера SnapBridge-ге қайта қосылғанда жауап беруін тоқтататын.
- - Синхрондалған босатуда, негізгі фотокамераның ысырманы босату түймешігін басу келесі параметр таңдалып қашықтағы фотокамерада автофокусты бастайтын.
- ▸ [CUSTOM SETTINGS MENU] (ҚОЛДАНУШЫ ПАРАМЕТРЛЕРІНІҢ МӘЗІРІ) > a6 [AF activation] (АФ белсендіру) > [AF-ON only] (Тек AF-ON)
|
- Фотокамера бағдарлама жасақтамасының нұсқасын көру
-
- Фотокамераны қосыңыз.
- Фотокамераның бағдарлама жасақтамасының нұсқасын көрсету үшін фотокамераның MENU түймешігін басыңыз және [SETUP MENU] (БАПТАУ МӘЗІРІ) ішінде [Firmware version] (Бағдарлама жасақтамасының нұсқасы) тармағын таңдаңыз.
- Фотокамераның бағдарлама жасақтамасының нұсқасын тексеріңіз.
- Фотокамераны өшіріңіз.
- Өнім сипаттамасы
-
Аты |
Z50II «C» бағдарлама жасақтамасының 1.01 нұсқасы |
Қолдау көрсетілетін фотокамералар |
Z50II |
Қолдау көрсетілетін фотокамера бағдарлама жасақтамасының нұсқалары |
«C» бағдарлама жасақтамасының 1.00 нұсқасы |
Файл атауы |
Z50_2_0101.bin |
Авторлық құқық |
Nikon корпорациясы |
Көшіру |
Рұқсат етілмеген |
- Фотокамераның бағдарлама жасақтамасын жаңарту
-
- Компьютеріңізге келесі бағдарлама жасақтамасы файлын жүктеп алыңыз.
Компьютеріңізге бағдарлама жасақтамасын жүктеп алғаныңызды тексеріңіз.
• Z50_2_0101.bin (фотокамераның бағдарлама жасақтамасы)
- Жад картасын оқу құралын пайдаланып «Z50_2_0101.bin» файлын фотокамерада пішімделген жад картасына көшіріңіз.
Ескертпе: бағдарлама жасақтамасын жад картасының түбірлік (ең жоғарғы) каталогына көшіруді ұмытпаңыз. Түбірлік каталог астындағы қалтаға орналастырылған болса, фотокамера жаңа бағдарлама жасақтамасын танымайды.
- Жад картасын фотокамераға салып, фотокамераны қосыңыз.
- [SETUP MENU] (БАПТАУ МӘЗІРІ) ішінде [Firmware version] (Бағдарлама жасақтамасының нұсқасы) тармағын таңдаңыз және бағдарлама жасақтамасының жаңартылуын аяқтау үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
- Жаңарту аяқталғаннан кейін фотокамераны өшіріңіз және жад картасын алыңыз.
- Бағдарлама жасақтамасы жаңа нұсқаға жаңартылғанына көз жеткізіңіз.
Соңғы пайдаланушының лицензиялық келісімі