Қазақ

Құрылғыңыз бұл жүктеп алу қызметін қолдамағанымен, оны жүктеп алу туралы ақпаратты көру үшін пайдалануға болады. Жүктеп алуларға сілтемелер компьютерде жүктеп алу үшін электрондық пошта арқылы жіберіледі.

D780 бағдарлама жасақтамасы

Операциялық жүйені таңдаңыз.

  • Windows
  • Mac OS

Бұл бағдарламалық жасақтаманың жаңартымы бағдарламасы жоғарыда көрсетілген тұтынушы өніміне («әсер етілетін өнім») арналған және тек төменде көрсетілген келісімді қабылдағанда ғана қамтамасыз етіледі. «Қабылдау» жауабын таңдасаңыз және «Жүктеу» түймесін бассаңыз, сіз келісімнің шарттарын және талаптарын қабылдадыңыз деп есептеледі. Жүктеуді бастау алдында келісімнің шарттарын түсінетініңізге көз жеткізіңіз.

  • • Бұл қызмет D780 фотокамерасының «C» бағдарлама жасақтамасын 1.11 нұсқасына жаңарту үшін пайдалануға болатын бағдарламалық жасақтаманы қамтамасыз етеді. Жалғастыру алдында фотокамераның [SETUP MENU] (БАПТАУ МӘЗІРІ) ішінде [Firmware version] (Бағдарлама жасақтамасының нұсқасы) тармағын таңдап, фотокамераның бағдарлама жасақтамасының нұсқасын қараңыз. Жоғарыда көрсетілген бағдарлама жасақтамасы орнатылып қойған болса, бұл жаңартуды жүктеу немесе орнату қажет емес.
  • • Бұл жаңарту алдыңғы жаңартуларда жасалған барлық өзгертулерді қамтиды.
  • • Бағдарлама жасақтамасының жаңартымы үшін карта оқу құралы мен компьютер қажет.
  • • Жалғастыру алдында төмендегі ақпаратты оқыңыз.
«C» бағдарлама жасақтамасының нұсқасын 1.10 дегеннен 1.11 дегенге өзгертеді
  • • Сымсыз қосылу кезінде көрсетілетін келесі параметрлердің әдепкі мәндері өзгертілді:
    • - Шифрлау кілттері
    • - Фотокамераның әдепкі параметрлері қалпына келтірілгеннен кейін көрсетілетін құпиясөз
Алдыңғы нұсқалардан бергі өзгертулер
«C» бағдарлама жасақтамасының нұсқасын 1.03 дегеннен 1.10 дегенге өзгертеді
  • • NX MobileAir қолданбасының iOS шығарылымын қолдау қосылды. NX MobileAir қолданбасының 1.0.4 немесе одан кейінгі нұсқасын пайдаланыңыз.
  • • Келесі мәселелер шешілді:
    • - [PHOTO SHOOTING MENU] (ФОТОСУРЕТ ТҮСІРУ МӘЗІРІ) > [Set Picture Control] (Picture Control режимін орнату) үшін [Auto] (Автоматты) мәні таңдалған болса, фотокамера кейде жауап беруін тоқтататын.
    • - Бейнефильм түсіру мәзірінде [Frame size/frame rate] (Кадр өлшемі/кадр жылдамдығы) үшін [1920x1080; 100p] немесе [1920x1080; 120p] мәні таңдалғанда нысанды бақылағыш АФ-ты пайдалану мүмкін болмайтын.
    • - AI AF VR Zoom-Nikkor 80-400mm f/4.5-5.6D ED объективі жалғанған болса және объектив дірілін азайту ауыстырып-қосқышы қосылса және өшірілсе, фотокамера автофокусты пайдаланып фокустай алмайтын.
«C» бағдарлама жасақтамасының нұсқасын 1.02 дегеннен 1.03 дегенге өзгертеді
  • • Экспозиция іс жүзінде дұрыс реттелген кезде тікелей көріністің жарық көзінде артық немесе кем ұсталуына әкелген мәселе шешілді. Бұл фотокамераға микропроцессормен жабдықталмаған объективтер бекітілген кезде тікелей көрініс кезінде орын алатын:
    • - d9 ([Exposure preview (LV)] (Экспозицияны алдын ала қарау (ТК))) қолданушы параметрі үшін [On] (Қосулы) күйі таңдалған,
    • - режимді таңдау дискі M (қол режимі) режиміне бұрылған және
    • - апертура экспозиция индикаторы f/5.6 дегеннен басқа мәндерде оңтайлы экспозицияны көрсететіндей реттелген.
«C» бағдарлама жасақтамасының нұсқасын 1.01 дегеннен 1.02 дегенге өзгертеді
  • • Келесі мәселелер шешілді:
    • - TTL жарқылды басқару тетігі және микропроцессормен жабдықталмаған объектив арқылы түсірілген жарқыл фотосуреттері жарық көзінде дұрыс ұсталмайтын.
    • - Алдын ала қарауды көрсету үшін қарау кезінде ұлғайту түймешігін басу [RETOUCH MENU] (ӨҢДЕУ МӘЗІРІ) ішіндегі [NEF (RAW) processing] (NEF (RAW) өңдеу) параметрін пайдаланып енгізілген [Set Picture Control] (Picture Control режимін орнату) > [Hue] (Реңк) өзгерістерін болдырмайтын.
«C» бағдарлама жасақтамасының нұсқасын 1.00 дегеннен 1.01 дегенге өзгертеді
  • • Кейде белгілі бір SD жад карталарын пайдалануға кедергі келтірген мәселе шешілді.
Фотокамера бағдарлама жасақтамасының нұсқасын көру
  1. Фотокамераны қосыңыз.
  2. Фотокамераның бағдарлама жасақтамасының нұсқасын көрсету үшін фотокамераның MENU түймешігін басыңыз және [SETUP MENU] (БАПТАУ МӘЗІРІ) ішінде [Firmware version] (Бағдарлама жасақтамасының нұсқасы) тармағын таңдаңыз.
  3. Фотокамераның бағдарлама жасақтамасының нұсқасын тексеріңіз.
  4. Фотокамераны өшіріңіз.
Өнім сипаттамасы
Аты D780 «C» бағдарлама жасақтамасының 1.11 нұсқасы
Қолдау көрсетілетін фотокамералар D780
Қолдау көрсетілетін фотокамера бағдарлама жасақтамасының нұсқалары «C» бағдарлама жасақтамасының 1.00–1.10 нұсқалары
Файл атауы D780_0111.bin
Авторлық құқық Nikon корпорациясы
Көшіру Рұқсат етілмеген
Фотокамераның бағдарлама жасақтамасын жаңарту
  1. Компьютеріңізге келесі бағдарлама жасақтамасы файлын жүктеп алыңыз.
    Компьютеріңізге бағдарлама жасақтамасын жүктеп алғаныңызды тексеріңіз.
    • D780_0111.bin (фотокамераның бағдарлама жасақтамасы)
  2. Жад картасын оқу құралын пайдаланып «D780_0111.bin» файлын фотокамерада пішімделген жад картасына көшіріңіз.
    Ескертпе: бағдарлама жасақтамасын жад картасының түбірлік (ең жоғарғы) каталогына көшіруді ұмытпаңыз. Түбірлік каталог астындағы қалтаға орналастырылған болса, фотокамера жаңа бағдарлама жасақтамасын танымайды.
  3. Жад картасын фотокамераның 1-ұяшығына салып, фотокамераны қосыңыз.
  4. [SETUP MENU] (БАПТАУ МӘЗІРІ) ішінде [Firmware version] (Бағдарлама жасақтамасының нұсқасы) тармағын таңдаңыз және бағдарлама жасақтамасының жаңартылуын аяқтау үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
  5. Жаңарту аяқталғаннан кейін фотокамераны өшіріңіз және жад картасын алыңыз.
  6. Бағдарлама жасақтамасы жаңа нұсқаға жаңартылғанына көз жеткізіңіз.

Ескертпе: сіз үшін жаңартуды Nikon компаниясының қызмет көрсету өкілі орындай алады.

Соңғы пайдаланушының лицензиялық келісімі

PDF файлдарын тегін Adobe® Reader® бағдарламалық жасақтамасын пайдаланып көруге болады.
Adobe® Reader® бағдарламасын жүктеңіз.