Қазақ

Құрылғыңыз бұл жүктеп алу қызметін қолдамағанымен, оны жүктеп алу туралы ақпаратты көру үшін пайдалануға болады. Жүктеп алуларға сілтемелер компьютерде жүктеп алу үшін электрондық пошта арқылы жіберіледі.

COOLPIX P1000 бағдарлама жасақтамасы

Операциялық жүйені таңдаңыз.

  • Windows
  • Mac OS

Бұл бағдарламалық жасақтаманың жаңартымы бағдарламасы жоғарыда көрсетілген тұтынушы өніміне («әсер етілетін өнім») арналған және тек төменде көрсетілген келісімді қабылдағанда ғана қамтамасыз етіледі. «Қабылдау» жауабын таңдасаңыз және «Жүктеу» түймесін бассаңыз, сіз келісімнің шарттарын және талаптарын қабылдадыңыз деп есептеледі. Жүктеуді бастау алдында келісімнің шарттарын түсінетініңізге көз жеткізіңіз.

  • • Бұл қызмет COOLPIX P1000 фотокамераларының бағдарлама жасақтамасын 1.7 нұсқасына жаңарту үшін пайдалануға болатын бағдарламалық жасақтаманы қбағдарлама жасақтамасы амтамасыз етеді. Жалғастыру алдында фотокамераның бағдарлама жасақтамасының нұсқасын тексеріңіз. Жоғарыда көрсетілген бағдарлама жасақтамасы орнатылып қойылған болса, бұл жаңартуды жүктеу немесе орнату қажет емес.
  • • Бұл жаңарту алдыңғы жаңартуларда жасалған барлық өзгертулерді қамтиды.
  • • Бағдарлама жасақтамасының жаңартымы үшін карта оқу құралы мен компьютер қажет.
  • • Жалғастыру алдында төмендегі ақпаратты оқыңыз.
Бағдарлама жасақтама нұсқасын 1.6-ден 1.7-ге өзгертеді
  • • Фотокамераның барлық параметрлері қайта орнатылғаннан кейін қосылым мәзірінде көрсетілетін әдепкі құпиясөз өзгертілді.
Алдыңғы нұсқалардан бергі өзгертулер
Бағдарлама жасақтама нұсқасын 1.5-ден 1.6-ге өзгертеді
  • • Бағдарлама жасақтамасының 1.3 нұсқасында ендірілген, бірақ 1.4 және одан кейінгі нұсқаларда қалдырылып кеткен келесі түзету қалпына келтірілді.
    • - [Continuous H] (Үздіксіз Ж) немесе [Continuous L] (Үздіксіз Т) арқылы, P, S, A және M режимдерінде [ISO sensitivity] (ISO сезімталдық) үшін [3200] немесе [6400] мәні таңдалып түсірілген суреттер түсіру режимінің дисплейінде көрсетілген мәннің орнына ISO 1600 мәнінде жазылатын мәселе шешілді.
Бағдарлама жасақтама нұсқасын 1.4-ден 1.5-ге өзгертеді
  • • Келесі мәселелер шешілді:
    • - [Continuous H] (Үздіксіз Ж) суретке түсіру режимінде [Subject tracking] (Нысанды бақылау) параметрін пайдаланып түсірілген суреттерде көлденең сызықтар пайда болатын.
    • - SnapBridge [Download pictures] (Суреттерді жүктеп алу) сурет нобайлары тізімінде суреттердің көрсетілу реті кейде өзгеретін.
      Ескертпе: SnapBridge қолданбасын 2.8.3 немесе одан кейінгі нұсқаға жаңартыңыз.
Бағдарлама жасақтама нұсқасын 1.3-ден 1.4-ге өзгертеді
  • • Фотокамера және SnapBridge қолданбасы iOS 14 немесе iPadOS 14 жүйесінде жұмыс істейтін құрылғылар арасындағы жұптастырудың сәтсіз аяқталуына әкелетін мәселе шешілді.
Бағдарлама жасақтама нұсқасын 1.2-ден 1.3-ге өзгертеді
  • • [Continuous H] (Үздіксіз Ж) немесе [Continuous L] (Үздіксіз Т) арқылы, P, S, A және M режимдерінде [ISO sensitivity] (ISO сезімталдық) үшін [3200] немесе [6400] мәні таңдалып түсірілген суреттер түсіру режимінің дисплейінде көрсетілген мәннің орнына ISO 1600 мәнінде жазылатын мәселе шешілді.
Бағдарлама жасақтама нұсқасын 1.1-ден 1.2-ге өзгертеді
  • • Келесі мәселе шешілді:
    • - Батареяны зарядтау айнымалы ток адаптерін пайдаланып зарядтағанда, зарядтау аяқталғанда зарядтау шамы жыпылықтауын тоқтатпайтын.
Бағдарлама жасақтама нұсқасын 1.0-ден 1.1-ге өзгертеді
  • • NRW (RAW) деректерінің кейбір түзетілім мәндері реттелді.
Фотокамера бағдарлама жасақтамасының нұсқасын көру
  1. Фотокамераны қосыңыз.
  2. Мәзірлерді көрсету үшін фотокамераның MENU түймешігін басыңыз.
  3. Мульти селекторды басып мәзір белгішелерін көрсетіңіз, содан кейін [Set up] (Параметрлерді орнату) тармағын белгілеп, OK түймешігін басыңыз.
  4. Фотокамераның бағдарлама жасақтамасының нұсқасын көрсету үшін [Set up] (Баптау) мәзірінде [Firmware version] (Бағдарлама жасақтамасының нұсқасы) тармағын белгілеп, OK түймешігін басыңыз.
  5. Фотокамераның бағдарлама жасақтамасының нұсқасын тексеріңіз.
  6. Фотокамераны өшіріңіз.
Өнімнің сипаттамасы
Аты COOLPIX P1000 бағдарлама жасақтамасының 1.7 нұсқасы
Қолдау көрсетілетін фотокамералар COOLPIX P1000
Қолдау көрсетілетін бағдарлама жасақтамасының нұсқалары 1.0–1.6 нұсқасы
Файл атауы firmware.bin
Авторлық құқық Nikon корпорациясы
Репродукция Рұқсат етілмеген
Фотокамераның бағдарлама жасақтамасын жаңарту
  1. Жұмыс үстелінде қалта жасап, оған «firmware» деген атау беріңзі.
  2. «firmware.bin» файлын жүктеп алыңыз.
  3. «firmware.bin» файлын 1-қадамда жасалған «firmware» қалтасында көшіріңіз.
  4. Карта ұяшығын немесе жад картасын оқу құралын пайдаланып, «firmware» қалтасын фотокамерада пішімделген жад картасына көшіріңіз.
    Ескертпе: «firmware» қалтасын жад картасының түбірлік (ең жоғарғы) каталогына көшіруді ұмытпаңыз. Түбірлік каталог астындағы қалтаға орналастырылған болса, фотокамера жаңа бағдарлама жасақтамасын танымайды.
  5. Жад картасын фотокамераға салып, фотокамераны қосыңыз.
    Ескертпе: картаның құлыпталмағанына көз жеткізіңіз (жазудан қорғалған).
  6. [Set up] (Баптау) мәзірінде [Firmware version] (Бағдарлама жасақтамасының нұсқасы) тармағын таңдаңыз және бағдарлама жасақтамасының жаңартымын аяқтау үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
  7. Жаңарту аяқталғаннан кейін фотокамераны өшіріңіз және жад картасын алыңыз.
  8. Бағдарлама жасақтамасы жаңа нұсқаға жаңартылғанына көз жеткізіңіз.

Ескертпе: жаңартуды сіз үшін Nikon компаниясының қызмет көрсету өкілі орындай алады.

Соңғы пайдаланушының лицензиялық келісімі

PDF файлдарын тегін Adobe® Reader® бағдарламалық жасақтамасын пайдаланып көруге болады.
Adobe® Reader® бағдарламасын жүктеңіз.