Қазақ

Құрылғыңыз бұл жүктеп алу қызметін қолдамағанымен, оны жүктеп алу туралы ақпаратты көру үшін пайдалануға болады. Жүктеп алуларға сілтемелер компьютерде жүктеп алу үшін электрондық пошта арқылы жіберіледі.

Z 6II бағдарлама жасақтамасы

Операциялық жүйені таңдаңыз.

  • Windows
  • Mac OS

Бұл бағдарламалық жасақтаманың жаңартымы бағдарламасы жоғарыда көрсетілген тұтынушы өніміне («әсер етілетін өнім») арналған және тек төменде көрсетілген келісімді қабылдағанда ғана қамтамасыз етіледі. «Қабылдау» жауабын таңдасаңыз және «Жүктеу» түймесін бассаңыз, сіз келісімнің шарттарын және талаптарын қабылдадыңыз деп есептеледі. Жүктеуді бастау алдында келісімнің шарттарын түсінетініңізге көз жеткізіңіз.

  • • Бұл қызмет Z 6II фотокамерасының «C» бағдарлама жасақтамасын 1.21 нұсқасына жаңарту үшін пайдалануға болатын бағдарламалық жасақтаманы қамтамасыз етеді. Жалғастыру алдында фотокамераның SETUP MENU (БАПТАУ МӘЗІРІ) ішінде Firmware version (Бағдарлама жасақтамасының нұсқасы) тармағын таңдап, фотокамераның бағдарлама жасақтамасының нұсқасын қараңыз. Жоғарыда көрсетілген бағдарлама жасақтамасы орнатылып қойған болса, бұл жаңартуды жүктеу немесе орнату қажет емес.
  • • Бұл жаңарту алдыңғы жаңартуларда жасалған барлық өзгертулерді қамтиды.
  • • Cіз үшін жаңартуды Nikon компаниясының қызмет көрсету өкілі орындай алады.
  • • Жалғастыру алдында төмендегі ақпаратты оқыңыз.
«C» бағдарлама жасақтамасының нұсқасын 1.20 дегеннен 1.21 дегенге өзгертеді
  • • FTZ орнату адаптері арқылы қосылған F бекіткішті объективтердегі масштабтау немесе фокустау сақиналарын айналдырғанда, сирек жағдайларда апертура механизмінде әдеттен тыс қатты шуларға әкелетін мәселе шешілді.
Алдыңғы нұсқалардан бергі өзгертулер
«C» бағдарлама жасақтамасының нұсқасын 1.10 дегеннен 1.20 дегенге өзгертеді
  • • NIKKOR Z MC 50mm f/2.8 және NIKKOR Z MC 105mm f/2.8 VR S объективтерін қолдау қосылды.
  • • Бетті/көзді анықтау және нысанды бақылағыш АФ кезіндегі тікелей көріністегі фокустау нүктесі дисплейінің реакциясы жақсартылды.
  • • Қосымша жарқыл бөліктеріндегі бетті/көзді анықтау АФ өнімділігі және нысанның көрінуі жақсартылды.
  • • Single AF (Әр кадр бойынша АФ) режимінің Focus mode (Фокустау режимі) параметріндегі төмен жарықта автофокусты анықтау уақыттары жақсартылды.
  • • Келесі мәселелер шешілді:
    • - a1 (AF-C priority selection (AF-C басымдығын таңдау)) қолданушы параметрі үшін Focus (Фокустау) мәнін таңдау кейде баяу ысырма реакциясына әкелетін.
    • - Кейде фокустаудың дәлдігі сенімсіз болатын.
    • - 3840 x 2160 (4K UHD); 60p немесе 50p кадр өлшемінде/жылдамдығында бейнефильмдерді жазу кезінде Manage Picture Control (Picture Control режимін басқару) арқылы жасалған қолданушы Picture Control режимдерін пайдалану кейде күтпеген нәтижелерге әкелетін.
«C» бағдарлама жасақтамасының нұсқасын 1.02 дегеннен 1.10 дегенге өзгертеді
  • • 3840x2160; 60p және 3840x2160; 50p параметрлері MOVIE SHOOTING MENU (БЕЙНЕФИЛЬМ ТҮСІРУ МӘЗІРІ) ішінде Frame size/frame rate (Кадр өлшемі/кадр жылдамдығы) үшін қолжетімді параметрлерге қосылды. Қосымша ақпарат «Анықтамалық нұсқаулық (толық нұсқаулар)» құжатының осы мүмкіндікке арналған бөлімдерінде қолжетімді.
    • < CFexpress/XQD жад карталары >
    • 3840 x 2160 (4K UHD) 60/50p кадр өлшеміндегі бейнефильмдерді жазу және ойнату үшін 250 МБ/с немесе тезірек максималды деректерді тасымалдау жылдамдығы бар карта ұсынылады.
    • < SD жад карталары >
    • 3840 x 2160 (4K UHD) 60/50p кадр өлшеміндегі бейнефильмдерді жазу және ойнату үшін 250 МБ/с немесе тезірек максималды деректерді тасымалдау жылдамдығы бар UHS Speed Class 3 картасы немесе жақсырақ карта ұсынылады.
  • • Auto-area AF (people) (АФ аумағын автоматты түрде таңдау (адамдар)) және Wide-area AF (L-people) (Кең аумақты АФ (L-адамдар)) АФ аумағы режимдерінде көзді анықтау өнімділігі жақсартылды.
  • • RAW бейнесигнал шығысын қолдау ақылы жаңарту арқылы қолжетімді* және бағдарлама жасақтамасының 1.10 нұсқасы осы қызмет бойынша Blackmagic Design сыртқы бейне жазғыштарын (қазіргі уақытта Video Assist 5” 12G HDR және Video Assist 7” 12G HDR) қолдауды қосады. Егер фотокамераңыз үшін RAW бейне шығысын жаңартуды сатып алып қойған болсаңыз, бағдарлама жасақтамасының 1.10 нұсқасына жаңарту Blackmagic Design сыртқы бейне жазғыштарын қолдауды автоматты түрде қосады. Дегенмен, RAW бейнесигнал шығысы 4K UHD 60p/50p ажыратымдылығында қолжетімді емес екенін ескеріңіз.
  • • Apple компаниясының Final Cut Pro X (10.4.9 немесе одан кейінгі нұсқа) бағдарламасының пайдаланушылары енді ақылы RAW бейнесигнал шығысын жаңартуды пайдаланып ATOMOS NINJA V сыртқы жазғыштарына ProRes RAW футаж шығысы үшін ISO сезімталдықты әрі түс температурасын көрсете және реттей алады. *
    • < RAW шығыс түрін таңдау >
    • RAW бейнесін түсіру алдында қосылған жазғыш түрі негізінде SETUP MENU (БАПТАУ МӘЗІРІ) ішінде HDMI > Advanced (Кеңейтілген) > RAW output options (RAW шығыс опциялары) > RAW output type (RAW шығыс түрі) тармағын таңдаңыз: NINJA V жазғыштары үшін Type A (A түрі) мәнін және Video Assist жазғыштары үшін Type B (B түрі) мәнін таңдаңыз.
  • • MB-N11 қуат батареясы жинағымен бірге пайдаланған кезде кейде фотокамераның SnapBridge арқылы орын деректерін жүктеуіне кедергі болатын мәселе шешілді.
  • * RAW бейнесигнал шығысын жаңарту ақылы қызмет түрінде қолжетімді. Қосымша ақпарат алу үшін Nikon компаниясының қызмет көрсету өкіліне хабарласыңыз.
«C» бағдарлама жасақтамасының нұсқасын 1.01 дегеннен 1.02 дегенге өзгертеді
  • • Келесі мәселе шешілді:
    • PHOTO SHOOTING MENU (ФОТОСУРЕТ ТҮСІРУ МӘЗІРІ) ішінде AF-area mode (АФ аумағы режимі) үшін Auto-area AF (АФ аумағын автоматты түрде таңдау) таңдалып жарқылмен түсірілген фотосуреттерде кейде экспозиция дұрыс болмайтын.
  • • Жалпы сенімділігі жақсартылды.
«C» бағдарлама жасақтамасының нұсқасын 1.00 дегеннен 1.01 дегенге өзгертеді
  • • Кейде адамның немесе жануардың бетін/көзін анықтау бар АФ аумағы режимі пайдаланылатын үздіксіз суретке режимдерінде түсірілген фотосуреттерде жарық көзінде артық ұстауды тудыратын мәселе шешілді.
Фотокамера бағдарлама жасақтамасының нұсқасын көру
  1. Фотокамераны қосыңыз.
  2. Фотокамераның бағдарлама жасақтамасының нұсқасын көрсету үшін фотокамераның MENU түймешігін басыңыз және SETUP MENU (БАПТАУ МӘЗІРІ) ішінде Firmware version (Бағдарлама жасақтамасының нұсқасы) тармағын таңдаңыз.
  3. Фотокамераның бағдарлама жасақтамасының нұсқасын тексеріңіз.
  4. Фотокамераны өшіріңіз.
Өнім сипаттамасы
Аты Z 6II «C» бағдарлама жасақтамасының 1.21 нұсқасы
Қолдау көрсетілетін фотокамералар Z 6II
Қолдау көрсетілетін фотокамера бағдарлама жасақтамасының нұсқалары «C» бағдарлама жасақтамасының 1.00–1.20 нұсқалары
Файл атауы F-Z6II-V121W.exe
Жүйелік талаптар
  • Microsoft Windows 10 Home
  • Microsoft Windows 10 Pro
  • Microsoft Windows 10 Enterprise
  • Microsoft Windows 8.1
  • Microsoft Windows 8.1 Pro
  • Microsoft Windows 8.1 Enterprise
Ескертпе: компьютер және жад картасын оқу құралы қажет.
Авторлық құқық Nikon корпорациясы
Мұрағат түрі Өздігінен шығарып алынатын
Көшіру Рұқсат етілмеген
Фотокамераның бағдарлама жасақтамасын жаңарту
  1. Компьютердің қатты дискінде қалта жасап, қалағаныңызша атаңыз.
  2. F-Z6II-V121W.exe файлын 1-қадамда жасалған қалтаға жүктеңіз.
  3. Келесі файлды «Z6IIUpdate» атты қалтаға шығарып алу үшін F-Z6II-V121W.exe файлын іске қосыңыз:
    • Z6_2_0121.bin (фотокамераның бағдарлама жасақтамасы)
  4. Жад картасын оқу құралын пайдаланып «Z6_2_0121.bin» файлын фотокамерада пішімделген жад картасына көшіріңіз.
    Ескертпе: бағдарлама жасақтамасын жад картасының түбірлік (ең жоғарғы) каталогына көшіруді ұмытпаңыз. Түбірлік каталог астындағы қалтаға орналастырылған болса, фотокамера жаңа бағдарлама жасақтамасын танымайды.
  5. Жад картасын қазіргі уақытта негізгі ұяшық ретінде таңдалған фотокамера ұяшығына салып, фотокамераны қосыңыз.
  6. SETUP MENU (БАПТАУ МӘЗІРІ) ішінде Firmware version (Бағдарлама жасақтамасының нұсқасы) тармағын таңдаңыз және бағдарлама жасақтамасының жаңартылуын аяқтау үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
  7. Жаңарту аяқталғаннан кейін фотокамераны өшіріңіз және жад картасын алыңыз.
  8. Бағдарлама жасақтамасы жаңа нұсқаға жаңартылғанына көз жеткізіңіз.

Ескертпе: егжей-тегжейлі нұсқаулар немесе жаңартуды орындау үшін керек жабдық туралы ақпарат алу үшін келесі pdf файлын жүктеп алыңыз:
Z-series_FirmUp_Win_En.pdf (PDF) (0,30 МБ)

Ескертпе: сіз үшін жаңартуды Nikon компаниясының қызмет көрсету өкілі орындай алады.

Ескертпе: фотокамераның NVM Express драйверінде қамтылған бастапқы коды ашық бағдарламалық жасақтаманың лицензиясын «BSD License (NVM Express Driver)» құжатынан қараңыз.

Өнім сипаттамасы
Аты Z 6II «C» бағдарлама жасақтамасының 1.21 нұсқасы
Қолдау көрсетілетін фотокамералар Z 6II
Қолдау көрсетілетін фотокамера бағдарлама жасақтамасының нұсқалары «C» бағдарлама жасақтамасының 1.00–1.20 нұсқалары
Файл атауы F-Z6II-V121M.dmg
Жүйелік талаптар
  • macOS Big Sur 11 нұсқасы
  • macOS Catalina 10.15 нұсқасы
  • macOS Mojave 10.14 нұсқасы
  • macOS High Sierra 10.13 нұсқасы
  • macOS Sierra 10.12 нұсқасы
Ескертпе: компьютер және жад картасын оқу құралы қажет.
Авторлық құқық Nikon корпорациясы
Мұрағат түрі Өздігінен шығарып алынатын
Көшіру Рұқсат етілмеген
Фотокамераның бағдарлама жасақтамасын жаңарту
  1. F-Z6II-V121M.dmg файлын жүктеңіз.
  2. «Z6IIUpdate» атты қалтаны қамтитын диск кескінін бекіту үшін F-Z6II-V121M.dmg белгішесін екі рет басыңыз. Бұл қалта өз кезегінде келесі файлды қамтиды:
    • Z6_2_0121.bin (фотокамераның бағдарлама жасақтамасы)
  3. Жад картасын оқу құралын пайдаланып «Z6_2_0121.bin» файлын фотокамерада пішімделген жад картасына көшіріңіз.
    Ескертпе: бағдарлама жасақтамасын жад картасының түбірлік (ең жоғарғы) каталогына көшіруді ұмытпаңыз. Түбірлік каталог астындағы қалтаға орналастырылған болса, фотокамера жаңа бағдарлама жасақтамасын танымайды.
  4. Жад картасын қазіргі уақытта негізгі ұяшық ретінде таңдалған фотокамера ұяшығына салып, фотокамераны қосыңыз.
  5. SETUP MENU (БАПТАУ МӘЗІРІ) ішінде Firmware version (Бағдарлама жасақтамасының нұсқасы) тармағын таңдаңыз және бағдарлама жасақтамасының жаңартылуын аяқтау үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
  6. Жаңарту аяқталғаннан кейін фотокамераны өшіріңіз және жад картасын алыңыз.
  7. Бағдарлама жасақтамасы жаңа нұсқаға жаңартылғанына көз жеткізіңіз.

Ескертпе: егжей-тегжейлі нұсқаулар немесе жаңартуды орындау үшін керек жабдық туралы ақпарат алу үшін келесі pdf файлын жүктеп алыңыз:
Z-series_FirmUp_Mac_En.pdf (PDF) (0,25 МБ)

Ескертпе: сіз үшін жаңартуды Nikon компаниясының қызмет көрсету өкілі орындай алады.

Ескертпе: фотокамераның NVM Express драйверінде қамтылған бастапқы коды ашық бағдарламалық жасақтаманың лицензиясын «BSD License (NVM Express Driver)» құжатынан қараңыз.

Соңғы пайдаланушының лицензиялық келісімі

PDF файлдарын тегін Adobe® Reader® бағдарламалық жасақтамасын пайдаланып көруге болады.
Adobe® Reader® бағдарламасын жүктеңіз.