Қазақ

Құрылғыңыз бұл жүктеп алу қызметін қолдамағанымен, оны жүктеп алу туралы ақпаратты көру үшін пайдалануға болады. Жүктеп алуларға сілтемелер компьютерде жүктеп алу үшін электрондық пошта арқылы жіберіледі.

COOLPIX W300 бағдарлама жасақтамасы

Операциялық жүйені таңдаңыз.

  • Windows
  • Mac OS

Бұл бағдарламалық жасақтаманың жаңартымы бағдарламасы жоғарыда көрсетілген тұтынушы өніміне («әсер етілетін өнім») арналған және тек төменде көрсетілген келісімді қабылдағанда ғана қамтамасыз етіледі. «Қабылдау» жауабын таңдасаңыз және «Жүктеу» түймесін бассаңыз, сіз келісімнің шарттарын және талаптарын қабылдадыңыз деп есептеледі. Жүктеуді бастау алдында келісімнің шарттарын түсінетініңізге көз жеткізіңіз.

  • • Бұл қызмет COOLPIX W300 фотокамераларының бағдарлама жасақтамасын 1.5 нұсқасына жаңарту үшін пайдалануға болатын бағдарламалық жасақтаманы қбағдарлама жасақтамасы амтамасыз етеді. Жалғастыру алдында фотокамераның бағдарлама жасақтамасының нұсқасын тексеріңіз. Жоғарыда көрсетілген бағдарлама жасақтамасы орнатылып қойылған болса, бұл жаңартуды жүктеу немесе орнату қажет емес.
  • • Бұл жаңарту алдыңғы жаңартуларда жасалған барлық өзгертулерді қамтиды.
  • • Жалғастыру алдында төмендегі ақпаратты оқыңыз.
  • МАҢЫЗДЫ :
  • • бұл бума екі жаңартуды қамтиды: біреуі фотокамераның өзінікі және екіншісі GPS модулінікі. Екінші жаңарту бірінші жаңартуды аяқтағаннан кейін фотокамераны қайтадан қосқанда басталады. GPS модулінің бағдарлама жасақтамасы жаңартуды қажет етпесе, орнату бірінші жаңартудан кейін аяқталады.
  • • бағдарлама жасақтамасы жаңартылғанда фотокамераның ішкі жадында сақталған кескіндер жойылады. Бағдарлама жасақтамасын жаңарту алдында фотокамераның ішкі жадында сақталған кескіндердің сақтық көшірмесін жасаңыз. Ішкі жадтан жад картасына кескіндерді көшіру туралы нұсқауларды фотокамера нұсқаулығынан қараңыз.
Бағдарлама жасақтама нұсқасын 1.4-ден 1.5-ге өзгертеді
  • • Фотокамера және SnapBridge қолданбасы iOS 14 немесе iPadOS 14 жүйелерінде жұмыс істейтін iOS құрылғылары арасында жұптастыруды болдырмайтын мәселе шешілді.
Алдыңғы нұсқалардан бергі өзгертулер
Бағдарлама жасақтама нұсқасын 1.3-ден 1.4-ге өзгертеді
  • • Кейде қолданушылардың бақылау журналы белсенді кезде ұйқы режиміне өткен фотокамераны қоса алмауына әкелген мәселе шешілді. Батареяларды алып, қайта салудан кейін фотокамераны қосу бақылау журналының аяқталуына әкелетін.
Бағдарлама жасақтама нұсқасын 1.2-ден 1.3-ге өзгертеді
  • • Келесі мәселе шешілді:
    • - Нысанның күйіне байланысты, баяулатылған фотосурет түсіру кезінде фотокамера кейде біртіндеп фокустан шығатын (әдетте фокустың бірінші түсірілімде құлыпталуы күтілетініне қарамастан).
Бағдарлама жасақтама нұсқасын 1.1-ден 1.2-ге өзгертеді
  • Set up (Реттеу) > Time zone and date (Уақыт белдеуі және күн) > Time zone (Уақыт белдеуі) ішкі мәзірінде Home time zone (Жергілікті уақыт белдеуі) немесе Travel destination (Саяхаттаудың межелі орны) таңдалған кездегі дисплей енді қазіргі уақытта таңдалған аймақтағы негізгі қалалардың атауларын ғана көрсетеді.
Бағдарлама жасақтама нұсқасын 1.0-ден 1.1-ге өзгертеді
  • • Белгілі бір орындарда орын деректерінің дәлдігі жақсартылды (әсіресе, орын деректерін «Michibiki» QZSS жерсеріктерінің деректері толықтыратын орындарда).
  • • Келесі мәселелер шешілді:
    • - Су астында қосқанда фотокамера кейде қатып қалатын.
    • - Белсенді режим үшін орын деректерінің дисплейі секундтарды 10-дық санау жүйесімен көрсететін.
Фотокамера бағдарлама жасақтамасының нұсқасын көру
  1. Фотокамераны қосыңыз.
  2. Мәзірлерді көрсету үшін фотокамераның MENU түймешігін басыңыз.
  3. Мульти селекторды басып мәзір белгішелерін көрсетіңіз, содан кейін Set up (Параметрлерді орнату) тармағын белгілеп, OK түймешігін басыңыз.
  4. Фотокамераның бағдарлама жасақтамасының нұсқасын көрсету үшін Set up (Баптау) мәзірінде Firmware version (Бағдарлама жасақтамасының нұсқасы) тармағын белгілеп, OK түймешігін басыңыз.
  5. Фотокамераның бағдарлама жасақтамасының нұсқасын тексеріңіз.
  6. Фотокамераны өшіріңіз.
Өнімнің сипаттамасы
Аты COOLPIX W300 бағдарлама жасақтамасының 1.5 нұсқасы
Қолдау көрсетілетін фотокамералар COOLPIX W300
Қолдау көрсетілетін бағдарлама жасақтамасының нұсқалары 1.0–1.4 нұсқалары
Файл атауы F-W300-V15W.exe
Операциялық жүйе
  • Microsoft Windows 10 Home
  • Microsoft Windows 10 Pro
  • Microsoft Windows 10 Enterprise
  • Microsoft Windows 8.1
  • Microsoft Windows 8.1 Pro
  • Microsoft Windows 8.1 Enterprise
Ескертпе: жад картасын оқу құралы немесе ішіне орнатылған жад картасының ұяшығы бар компьютер қажет.
Авторлық құқық Nikon корпорациясы
Мұрағат түрі Өздігінен шығарып алынатын
Репродукция Рұқсат етілмеген
Фотокамераның бағдарлама жасақтамасын жаңарту
  1. Компьютердің қатты дискінде қалта жасап, қажетінше атаңыз.
  2. F-W300-V15W.exe файлын 1-қадамда жасалған қалтаға жүктеңіз.
  3. Бағдарлама жасақтамасын жаңа қалтадағы ішкі қалтаға шығарып алу үшін F-W300-V15W.exe файлын іске қосыңыз. Төменде нәтижесіндегі файлдар және қалталар иерархиясы көрсетілген:
    W300Update
    - firmware (бағдарлама жасақтамасын қамтитын қосалқы қалта)
     - firmware.bin (фотокамераның бағдарлама жасақтамасы, «firmware» қалтасында орналасқан)
     - gpsfirm.bin (GPS модулінің бағдарлама жасақтамасы, «firmware» қалтасында орналасқан)
  4. Карта ұяшығын немесе жад картасын оқу құралын пайдаланып, «firmware» қалтасын фотокамерада пішімделген жад картасына көшіріңіз.
    Ескертпе: «firmware» қалтасын жад картасының түбірлік (ең жоғарғы) каталогына көшіруді ұмытпаңыз. Түбірлік каталог астындағы қалтаға орналастырылған болса, фотокамера жаңа бағдарлама жасақтамасын танымайды.
  5. Жад картасының жазудан қорғау («құлып») ауыстырып-қосқышы «жазу» (құлпы ашылған) күйінде екеніне көз жеткізгеннен кейін жад картасын фотокамераға салып, фотокамераны қосыңыз.
  6. Set up (Баптау) мәзірінде Firmware version (Бағдарлама жасақтамасының нұсқасы) тармағын таңдаңыз және бағдарлама жасақтамасының жаңартымын аяқтау үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
  7. Жаңарту аяқталғанын хабарлайтын хабар көрсетілгенде фотокамераны өшіріңіз, содан кейін қайтадан қосыңыз. Содан кейін GPS модулінің бағдарлама жасақтамасының жаңартымы автоматты түрде басталады (фотокамера қалыпты іске қосылса, GPS модулін жаңарту аяқталып қойылған).
  8. Екінші жаңарту аяқталғанын хабарлайтын хабар көрсетілгенде фотокамераны өшіріңіз және жад картасын алыңыз. Екінші жаңарту біріншісінен ұзағырақ уақыт алатынын ескеріңіз.
  9. Бағдарлама жасақтамасы жаңа нұсқаға жаңартылғанына көз жеткізіңіз. Ағымдағы бағдарлама жасақтамасының нұсқасы 1.5 болмаса, жаңартуды 1-қадамнан қайталаңыз.

Ескертпе: бағдарлама жасақтамасын жаңарту алдында фотокамераның ішкі жадында сақталған кескіндердің сақтық көшірмесін жасау ұсынылады. Ішкі жадтан жад картасына кескіндерді көшіру туралы ақпаратты фотокамера нұсқаулығынан қараңыз.

Ескертпе: Егжей-тегжейлі нұсқаулар немесе жаңартуды аяқтау үшін қажет жабдық туралы ақпарат алу үшін келесі pdf файлын жүктеңіз:
CPX_GPS_FirmUp_Win_En.pdf (PDF) (0,26 МБ)

Ескертпе: жаңартуды сіз үшін Nikon компаниясының қызмет көрсету өкілі орындай алады.

Өнімнің сипаттамасы
Аты COOLPIX W300 бағдарлама жасақтамасының 1.5 нұсқасы
Қолдау көрсетілетін фотокамералар COOLPIX W300
Қолдау көрсетілетін бағдарлама жасақтамасының нұсқалары 1.0–1.4 нұсқалары
Файл атауы F-W300-V15M.dmg
Операциялық жүйе
  • macOS Big Sur 11 нұсқасы
  • macOS Catalina 10.15 нұсқасы
  • macOS Mojave 10.14 нұсқасы
  • macOS High Sierra 10.13 нұсқасы
  • macOS Sierra 10.12 нұсқасы
Ескертпе: жад картасын оқу құралы немесе ішіне орнатылған жад картасының ұяшығы бар компьютер қажет.
Авторлық құқық Nikon корпорациясы
Мұрағат түрі Өздігінен шығарып алынатын
Репродукция Рұқсат етілмеген
Фотокамераның бағдарлама жасақтамасын жаңарту
  1. F-W300-V15M.dmg файлын жүктеңіз.
  2. Төмендегі қалта мен файлды қамтитын диск кескінін бекіту үшін F-W300-V15M.dmg белгішесін екі рет басыңыз:
    W300Update
    - firmware (бағдарлама жасақтамасын қамтитын қосалқы қалта)
     - firmware.bin (фотокамераның бағдарлама жасақтамасы, «firmware» қалтасында орналасқан)
     - gpsfirm.bin (GPS модулінің бағдарлама жасақтамасы, «firmware» қалтасында орналасқан)
  3. Карта ұяшығын немесе жад картасын оқу құралын пайдаланып, «firmware» қалтасын фотокамерада пішімделген жад картасына көшіріңіз.
    Ескертпе: «firmware» қалтасын жад картасының түбірлік (ең жоғарғы) каталогына көшіруді ұмытпаңыз. Түбірлік каталог астындағы қалтаға орналастырылған болса, фотокамера жаңа бағдарлама жасақтамасын танымайды.
  4. Жад картасының жазудан қорғау («құлып») ауыстырып-қосқышы «жазу» (құлпы ашылған) күйінде екеніне көз жеткізгеннен кейін жад картасын фотокамераға салып, фотокамераны қосыңыз.
  5. Set up (Баптау) мәзірінде Firmware version (Бағдарлама жасақтамасының нұсқасы) тармағын таңдаңыз және бағдарлама жасақтамасының жаңартымын аяқтау үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
  6. Жаңарту аяқталғанын хабарлайтын хабар көрсетілгенде фотокамераны өшіріңіз, содан кейін қайтадан қосыңыз. Содан кейін GPS модулінің бағдарлама жасақтамасының жаңартымы автоматты түрде басталады (фотокамера қалыпты іске қосылса, GPS модулін жаңарту аяқталып қойылған).
  7. Екінші жаңарту аяқталғанын хабарлайтын хабар көрсетілгенде фотокамераны өшіріңіз және жад картасын алыңыз. Екінші жаңарту біріншісінен ұзағырақ уақыт алатынын ескеріңіз.
  8. Бағдарлама жасақтамасы жаңа нұсқаға жаңартылғанына көз жеткізіңіз. Ағымдағы бағдарлама жасақтамасының нұсқасы 1.5 болмаса, жаңартуды 1-қадамнан қайталаңыз.

Ескертпе: бағдарлама жасақтамасын жаңарту алдында фотокамераның ішкі жадында сақталған кескіндердің сақтық көшірмесін жасау ұсынылады. Ішкі жадтан жад картасына кескіндерді көшіру туралы ақпаратты фотокамера нұсқаулығынан қараңыз.

Ескертпе: Ескертпе: егжей-тегжейлі нұсқаулар немесе жаңартуды аяқтау үшін қажет жабдық туралы ақпарат алу үшін келесі pdf файлын жүктеңіз:
CPX_GPS_FirmUp_Mac_En.pdf (PDF) (0,23 МБ)

Ескертпе: жаңартуды сіз үшін Nikon компаниясының қызмет көрсету өкілі орындай алады.

Соңғы пайдаланушының лицензиялық келісімі

PDF файлдарын тегін Adobe® Reader® бағдарламалық жасақтамасын пайдаланып көруге болады.
Adobe® Reader® бағдарламасын жүктеңіз.