Қазақ

Құрылғыңыз бұл жүктеп алу қызметін қолдамағанымен, оны жүктеп алу туралы ақпаратты көру үшін пайдалануға болады. Жүктеп алуларға сілтемелер компьютерде жүктеп алу үшін электрондық пошта арқылы жіберіледі.

Z 50 бағдарлама жасақтамасы

Операциялық жүйені таңдаңыз.

  • Windows
  • Mac OS

Бұл бағдарламалық жасақтаманың жаңартымы бағдарламасы жоғарыда көрсетілген тұтынушы өніміне («әсер етілетін өнім») арналған және тек төменде көрсетілген келісімді қабылдағанда ғана қамтамасыз етіледі. «Қабылдау» жауабын таңдасаңыз және «Жүктеу» түймесін бассаңыз, сіз келісімнің шарттарын және талаптарын қабылдадыңыз деп есептеледі. Жүктеуді бастау алдында келісімнің шарттарын түсінетініңізге көз жеткізіңіз.

  • • Бұл қызмет Z 50 фотокамерасының «C» бағдарлама жасақтамасын 2.02 нұсқасына жаңарту үшін пайдалануға болатын бағдарламалық жасақтаманы қамтамасыз етеді. Жалғастыру алдында фотокамераның бағдарлама жасақтамасының нұсқасын тексеріңіз. Жоғарыда көрсетілген бағдарлама жасақтамасы орнатылып қойылған болса, бұл жаңартуды жүктеп алу қажет болмайды.
  • • Бұл жаңарту алдыңғы жаңартуларда жасалған барлық өзгертулерді қамтиды.
  • • ViewNX-i пайдаланушылары ViewNX-i бағдарламалық жасақтамасының 1.4.3 немесе одан кейінгі нұсқасына, Capture NX-D пайдаланушылары Capture NX-D бағдарламалық жасақтамасының 1.6.3 немесе одан кейінгі нұсқасына жаңартуы керек болады.
  • • Жалғастыру алдында төмендегі ақпаратты оқыңыз.
«C» бағдарлама жасақтамасының нұсқасын 2.01 дегеннен 2.02 дегенге өзгертеді
  • • Бағдарлама жасақтамасының 2.00 және 2.01 нұсқаларындағы суреттерді түсіргенде AF fine-tune (АФ дәл реттеу) > Saved value (Сақталған мән) үшін таңдалған дәл реттеу мәндерінің дұрыс қолданылмауы мәселесі шешілді.
Алдыңғы нұсқалардан бергі өзгертулер
«C» бағдарлама жасақтамасының нұсқасын 2.00 дегеннен 2.01 дегенге өзгертеді
  • • Фотокамера мәзірлерінде тіл элементі үшін корей немесе жеңілдетілген қытай тілі таңдалғанда орын алған таңбаларды көрсету мәселелері шешілді. Фотокамера мәзірлеріндегі тіл элементінде корей немесе жеңілдетілген қытай тілі опциясы тізімде жоқ болса, жаңарту қажет емес.
«C» бағдарлама жасақтамасының нұсқасын 1.11 дегеннен 2.00 дегенге өзгертеді
  • • Қолданушы параметрі a2 (Auto-area AF face/eye detection (АФ аумағын автоматты түрде таңдау режимінде бетті/көзді анықтау)) қолданушы параметріне Animal detection on (Жануарды анықтау қосулы) опциясын қосқаннан кейін бетті/көзді анықтау АФ енді иттерде және мысықтарда қолжетімді; бұл опция қосулы болса, фотокамера енді иттер мен мысықтардың көздерін және беттерін анықтайды (бейнефильм режимінде тек беттер анықталады). Pet portrait (Үй жануарының портреті) таңдалған күйде режимді таңдау дискі SCN (көрініс режимі) күйінде болғанда, Animal detection on (Жануарды анықтау қосулы) параметрі автоматты түрде таңдалады.
  • • Nikon Z бекіткіші бар TC-1.4x/TC-2.0x телескопиялық түрлендіргіштерін қолдау қосылды.
  • • F бекіткіші бар объективтің бағдарлама жасақтамасының жаңартымдарын қолдау қосылды. FTZ орнату адаптерінің бағдарлама жасақтамасының 1.10 нұсқасынан бастап F бекіткіші бар объективтің бағдарлама жасақтамасының жаңартымдарына қолдау көрсетіледі.
  • • Экспозицияны 1/3 ЭМ қадамдарымен реттегенде көрсетілетін кейбір f саны мәндері өзгертілді (f/1.2 енді f/1.3 түрінде көрсетіледі). 2020 жылдың 21 шілдесінде, бұл NIKKOR Z 58mm f/0.95 S Noct объективтеріне қатысты.
  • • Енді Continuous H (extended) (Үздіксіз Ж (кеңейтілген)) суретке түсіру режиміндегі AE bracketing (АЭ брекетингі) барысында экспозиция құлыпталып түсірілген фотосуреттерге брекетинг артуы тиісті түрде қолданылады.
  • • AF-ON параметрі АЭ-Қ/АФ-Қ түймешігіне тағайындалған кезде, енді AF-S Single AF (Әр кадр бойынша АФ) Focus mode (Фокустау режимі) ретінде таңдалған болса, босату басымдығы қосылады.
  • • Нысанды бақылауға келесі жақсартулар енгізілді:
    • - Енді пайдаланушылар Fn1 түймешігі сияқты қолданушы басқару элементі арқылы АФ аумағын автоматты түрде таңдау және нысананы таңдау дисплейлері арасында ауыса алады.
    • - Фотосурет түсіру кезінде AF-C таңдалған кездегі нысанды бақылаудың әрекеті енді сандық айналы фотокамералардағы 3D-tracking (3D бақылау) параметріндегі әрекетке өте ұқсас болады.
  • • Жарқылды пайдалануды ұсынатын шақыруды көрсету шарттары қайта қаралды және енді бұл шақыру тиістірек жағдайларда көрсетіледі.
  • • Келесі мәселелер шешілді:
    • - PictBridge арқылы «тік» (портреттік бағдардағы) суреттер үшін таңдалған кесу басылған кескінде дәл көрсетілмейтін.
    • - Фотокамера қосулы кезде NIKKOR Z DX 16-50mm f/3.5-6.3 VR объективі ұзартылса, сирек жағдайларда автофокус қосылмайтын.
«C» бағдарлама жасақтамасының нұсқасын 1.10 дегеннен 1.11 дегенге өзгертеді
  • • Кейбір объективтерде болатын Fn2 түймешігін қолдау қосылды.
«C» бағдарлама жасақтамасының нұсқасын 1.00 дегеннен 1.10 дегенге өзгертеді
  • • Белгілі бір Z бекіткішті объективтерде фокустау шектеуі ауыстырып-қосқышын қолдау қосылды (2020 жылдың 12 ақпанында тек NIKKOR Z 70–200mm f/2.8 VR S объективінде). Объективтің Fn2 түймешігіне қолдау көрсетілмейді.
  • • Автофокус режимі үшін таңдалған опцияға қарамастан, өздігінен түсірілетін портрет режимінде бейнефильм түсірілген бөлігі енді AF-F (толық уақыттық автофокус) арқылы түсіріледі.
Фотокамера бағдарлама жасақтамасының нұсқасын көру
  1. Фотокамераны қосыңыз.
  2. Фотокамераның бағдарлама жасақтамасының нұсқасын көрсету үшін фотокамераның MENU түймешігін басыңыз және SETUP MENU (БАПТАУ МӘЗІРІ) ішінде Firmware version (Бағдарлама жасақтамасының нұсқасы) тармағын таңдаңыз.
  3. Фотокамераның бағдарлама жасақтамасының нұсқасын тексеріңіз.
  4. Фотокамераны өшіріңіз.
Өнім сипаттамасы
Аты Z 50 «C» бағдарлама жасақтамасының 2.02 нұсқасы
Қолдау көрсетілетін фотокамералар Z 50
Қолдау көрсетілетін фотокамера бағдарлама жасақтамасының нұсқалары «C» бағдарлама жасақтамасының 1.00–2.01 нұсқалары
Файл атауы F-Z50-V202W.exe
Жүйелік талаптар
  • Microsoft Windows 10 Home
  • Microsoft Windows 10 Pro
  • Microsoft Windows 10 Enterprise
  • Microsoft Windows 8.1
  • Microsoft Windows 8.1 Pro
  • Microsoft Windows 8.1 Enterprise
Ескертпе: жад картасын оқу құралы және компьютер қажет.
Авторлық құқық Nikon корпорациясы
Мұрағат түрі Өздігінен шығарып алынатын
Көшіру Рұқсат етілмеген
Фотокамераның бағдарлама жасақтамасын жаңарту
  1. Компьютердің қатты дискінде қалта жасап, қалағаныңызша атаңыз.
  2. F-Z50-V202W.exe файлын 1-қадамда жасалған қалтаға жүктеңіз.
  3. Келесі файлды «Z50Update» атты қалтаға шығарып алу үшін F-Z50-V202W.exe файлын іске қосыңыз:
    • Z_50_0202.bin (фотокамераның бағдарлама жасақтамасы)
  4. Жад картасын оқу құралын пайдаланып «Z_50_0202.bin» файлын фотокамерада пішімделген жад картасына көшіріңіз.
    Ескертпе: бағдарлама жасақтамасын жад картасының түбірлік (ең жоғарғы) каталогына көшіруді ұмытпаңыз. Түбірлік каталог астындағы қалтаға орналастырылған болса, фотокамера жаңа бағдарлама жасақтамасын танымайды.
  5. Жад картасын фотокамераға салып, фотокамераны қосыңыз.
  6. SETUP MENU (БАПТАУ МӘЗІРІ) ішінде Firmware version (Бағдарлама жасақтамасының нұсқасы) тармағын таңдаңыз және бағдарлама жасақтамасының жаңартылуын аяқтау үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
  7. Жаңарту аяқталғаннан кейін фотокамераны өшіріңіз және жад картасын алыңыз.
  8. Бағдарлама жасақтамасы жаңа нұсқаға жаңартылғанына көз жеткізіңіз.

Ескертпе: егжей-тегжейлі нұсқаулар немесе жаңартуды орындау үшін керек жабдық туралы ақпарат алу үшін келесі pdf файлын жүктеп алыңыз:
Z-series_FirmUp_Win_En.pdf (PDF) (0,30 МБ)

Ескертпе: сіз үшін жаңартуды Nikon компаниясының қызмет көрсету өкілі орындай алады.

Өнім сипаттамасы
Аты Z 50 «C» бағдарлама жасақтамасының 2.02 нұсқасы
Қолдау көрсетілетін фотокамералар Z 50
Қолдау көрсетілетін фотокамера бағдарлама жасақтамасының нұсқалары «C» бағдарлама жасақтамасының 1.00–2.01 нұсқалары
Файл атауы F-Z50-V202M.dmg
Жүйелік талаптар
  • macOS Catalina 10.15 нұсқасы
  • macOS Mojave 10.14 нұсқасы
  • macOS High Sierra 10.13 нұсқасы
  • macOS Sierra 10.12 нұсқасы
Ескертпе: жад картасын оқу құралы және компьютер қажет.
Авторлық құқық Nikon корпорациясы
Мұрағат түрі Өздігінен шығарып алынатын
Көшіру Рұқсат етілмеген
Фотокамераның бағдарлама жасақтамасын жаңарту
  1. F-Z50-V202M.dmg файлын жүктеңіз.
  2. «Z50Update» атты қалтаны қамтитын диск кескінін бекіту үшін F-Z50-V202M.dmg белгішесін екі рет басыңыз. Бұл қалта өз кезегінде келесі файлды қамтиды:
    • Z_50_0202.bin (фотокамераның бағдарлама жасақтамасы)
  3. Жад картасын оқу құралын пайдаланып «Z_50_0202.bin» файлын фотокамерада пішімделген жад картасына көшіріңіз.
    Ескертпе: бағдарлама жасақтамасын жад картасының түбірлік (ең жоғарғы) каталогына көшіруді ұмытпаңыз. Түбірлік каталог астындағы қалтаға орналастырылған болса, фотокамера жаңа бағдарлама жасақтамасын танымайды.
  4. Жад картасын фотокамераға салып, фотокамераны қосыңыз.
  5. SETUP MENU (БАПТАУ МӘЗІРІ) ішінде Firmware version (Бағдарлама жасақтамасының нұсқасы) тармағын таңдаңыз және бағдарлама жасақтамасының жаңартылуын аяқтау үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
  6. Жаңарту аяқталғаннан кейін фотокамераны өшіріңіз және жад картасын алыңыз.
  7. Бағдарлама жасақтамасы жаңа нұсқаға жаңартылғанына көз жеткізіңіз.

Ескертпе: егжей-тегжейлі нұсқаулар немесе жаңартуды орындау үшін керек жабдық туралы ақпарат алу үшін келесі pdf файлын жүктеп алыңыз:
Z-series_FirmUp_Mac_En.pdf (PDF) (0,25 МБ)

Ескертпе: сіз үшін жаңартуды Nikon компаниясының қызмет көрсету өкілі орындай алады.

Соңғы пайдаланушының лицензиялық келісімі

PDF файлдарын тегін Adobe® Reader® бағдарламалық жасақтамасын пайдаланып көруге болады.
Adobe® Reader® бағдарламасын жүктеңіз.