Қазақ

Құрылғыңыз бұл жүктеп алу қызметін қолдамағанымен, оны жүктеп алу туралы ақпаратты көру үшін пайдалануға болады. Жүктеп алуларға сілтемелер компьютерде жүктеп алу үшін электрондық пошта арқылы жіберіледі.

FTZ бағдарлама жасақтамасы

Операциялық жүйені таңдаңыз.

  • Windows
  • Mac OS

Бұл бағдарламалық жасақтаманың жаңартымы бағдарламасы жоғарыда көрсетілген тұтынушы өніміне («әсер етілетін өнім») арналған және тек төменде көрсетілген келісімді қабылдағанда ғана қамтамасыз етіледі. «Қабылдау» жауабын таңдасаңыз және «Жүктеу» түймесін бассаңыз, сіз келісімнің шарттарын және талаптарын қабылдадыңыз деп есептеледі. Жүктеуді бастау алдында келісімнің шарттарын түсінетініңізге көз жеткізіңіз.

  • • Бұл қызмет FTZ орнату адаптерінің бағдарлама жасақтамасын 1.10 нұсқасына жаңарту үшін пайдалануға болатын бағдарламалық жасақтаманы қамтамасыз етеді. Жалғастыру алдында фотокамераның SETUP MENU (БАПТАУ МӘЗІРІ) ішінде Firmware version (Бағдарлама жасақтамасының нұсқасы) тармағын таңдап, орнату адаптерінің (MA) бағдарлама жасақтамасының ағымдағы нұсқасын тексеріңіз. Жоғарыда көрсетілген бағдарлама жасақтамасы орнатылып қойылған болса, бұл жаңартуды жүктеу немесе орнату қажет емес.
  • • Бағдарлама жасақтамасының жаңартымы FTZ орнату адаптері фотокамераға жалғанған күйде орындалады. Үйлесімді фотокамералар тізімін «Үйлесімді фотокамералар» бөлімінде қараңыз.
  • • Жаңартуды орындау үшін фотокамерада пайдаланылатын жад картасы және үйлесімді жад картасын оқу құралы қажет болады.
  • • Cіз үшін жаңартуды Nikon компаниясының қызмет көрсету өкілі орындай алады.
  • • Жалғастыру алдында төмендегі ақпаратты оқыңыз.

Маңызды

F бекіткішті объективтерге арналған бағдарлама жасақтамасын жаңарту алдында фотокамераның және орнату адаптерінің кез келген бағдарлама жасақтамасының жаңартымдарын орындау керек. F бекіткішті объективтердің бағдарлама жасақтамасын жаңартпас бұрын:

  1. «C» бағдарлама жасақтамасының нұсқасы 3.10 (Z 7 немесе Z 6) немесе 2.00 (Z 50) нұсқасынан ертерек болса, фотокамераның бағдарлама жасақтамасын тексеріңіз және соңғы нұсқаға жаңартыңыз. Фотокамераның бағдарлама жасақтамасын жаңартпас бұрын FTZ орнату адаптерін алыңыз.
  2. Орнату адаптері бағдарлама жасақтамасын тексеріп, орнату адаптерінің (MA) бағдарлама жасақтамасы 1.10 нұсқасынан ертерек болса, соңғы нұсқаға жаңартыңыз. Орнату адаптерінің бағдарлама жасақтамасын жаңартпас бұрын F бекіткішті объективті алыңыз.

2020 жылдың қараша айында немесе одан кейін шығарылған Z 6II және басқа Z сериялы фотокамералардың пайдаланушылары фотокамера FTZ орнату адаптерінің бағдарлама жасақтамасын жаңартуды сұрайтын хабарды көрсетсе, осы жаңартуды орнатулары керек.

Үйлесімді фотокамералар

FTZ орнату адаптерлерінің бағдарлама жасақтамасын жаңарту үшін келесі фотокамераларды пайдалануға болады:

  • • Z сериялы фотокамералар

Ескертпе: сіз үшін жаңартуды Nikon компаниясының қызмет көрсету өкілі орындай алады.

Бағдарлама жасақтамасының 1.00 нұсқасынан 1.10 нұсқасына өзгертеді
  • • F бекіткішті объективтің бағдарлама жасақтамасының жаңартымдары үшін қолдау қосылды.
Орнату адаптерінің бағдарлама жасақтамасының нұсқасын көру
  1. FTZ орнату адаптерін фотокамераға жалғап, фотокамераны қосыңыз.
  2. Фотокамераның және орнату адаптерінің (MA) бағдарлама жасақтамасының нұсқаларын көрсету үшін фотокамераның MENU (МӘЗІР) түймешігін басып, SETUP MENU (БАПТАУ МӘЗІРІ) > Firmware version (Бағдарлама жасақтамасының нұсқасы) тармағын таңдаңыз.
  3. Орнату адаптерінің бағдарлама жасақтамасының нұсқасын тексеріңіз.
  4. Фотокамераны өшіріңіз.
Өнім сипаттамасы
Аты FTZ орнату адаптерінің (MA) бағдарлама жасақтамасының 1.10 нұсқасы
Қолдау көрсетілетін орнату адаптерлері FTZ орнату адаптерлері
Қолдау көрсетілетін орнату адаптерінің бағдарлама жасақтамасының нұсқалары «MA» бағдарлама жасақтамасының 1.00 нұсқасы
Файл атауы F-FTZ-V0110W.exe
Жүйелік талаптар
  • Microsoft Windows 10 Home
  • Microsoft Windows 10 Pro
  • Microsoft Windows 10 Enterprise
  • Microsoft Windows 8.1
  • Microsoft Windows 8.1 Pro
  • Microsoft Windows 8.1 Enterprise
Ескертпе: жад картасын оқу құралы және компьютер қажет.
Авторлық құқық Nikon корпорациясы
Мұрағат түрі Өздігінен шығарып алынатын
Көшіру Рұқсат етілмеген
Орнату адаптерінің бағдарлама жасақтамасын жаңарту
  1. Компьютердің қатты дискінде қалта жасап, қалағаныңызша атаңыз.
  2. F-FTZ-V0110W.exe файлын 1-қадамда жасалған қалтаға жүктеңіз.
  3. Келесі файлды «FTZUpdate» атты қалтаға шығарып алу үшін F-FTZ-V0110W.exe файлын іске қосыңыз:
    • MAFTZ0110.bin (орнату адаптерінің бағдарлама жасақтамасы)
  4. Карта ұяшығын немесе жад картасын оқу құралын пайдаланып, «MAFTZ0110.bin» файлын фотокамерада пішімделген жад картасына көшіріңіз.
    Ескертпе: бағдарлама жасақтамасын жад картасының түбірлік (ең жоғарғы) каталогына көшіруді ұмытпаңыз. Түбірлік каталог астындағы қалтаға орналастырылған болса, фотокамера жаңа бағдарлама жасақтамасын танымайды.
  5. FTZ орнату адаптерін фотокамераға жалғаңыз.
  6. Жад картасын фотокамераға салып, фотокамераны қосыңыз.
  7. Бағдарлама жасақтамасының жаңартымын орындау үшін SETUP MENU (БАПТАУ МӘЗІРІ) > Firmware version (Бағдарлама жасақтамасының нұсқасы) тармағын таңдаңыз және экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
  8. Жаңарту аяқталғанын хабарлайтын хабар көрсетілгенде фотокамераны өшіріңіз және жад картасын алыңыз.
  9. Фотокамера қосып, бағдарлама жасақтамасы жаңа нұсқаға жаңартылғанына көз жеткізіңіз.

Ескертпе: егжей-тегжейлі нұсқаулар немесе жаңартуды аяқтау үшін қажет жабдық туралы ақпарат алу үшін келесі pdf файлын жүктеңіз:
Z-series_FirmUp_Win_En.pdf (PDF) (0,30 МБ)

Ескертпе: сіз үшін жаңартуды Nikon компаниясының қызмет көрсету өкілі орындай алады.

Өнім сипаттамасы
Аты FTZ орнату адаптерінің (MA) бағдарлама жасақтамасының 1.10 нұсқасы
Қолдау көрсетілетін орнату адаптерлері FTZ орнату адаптерлері
Қолдау көрсетілетін орнату адаптерінің бағдарлама жасақтамасының нұсқалары «MA» бағдарлама жасақтамасының 1.00 нұсқасы
Файл атауы F-FTZ-V0110M.dmg
Жүйелік талаптар
  • macOS Catalina 10.15 нұсқасы
  • macOS Mojave 10.14 нұсқасы
  • macOS High Sierra 10.13 нұсқасы
  • macOS Sierra 10.12 нұсқасы
Ескертпе: жад картасын оқу құралы және компьютер қажет.
Авторлық құқық Nikon корпорациясы
Мұрағат түрі Өздігінен шығарып алынатын
Көшіру Рұқсат етілмеген
Орнату адаптерінің бағдарлама жасақтамасын жаңарту
  1. F-FTZ-V0110M.dmg файлын жүктеңіз.
  2. «FTZUpdate» атты қалтаны қамтитын диск кескінін бекіту үшін F-FTZ-V0110M.dmg белгішесін екі рет басыңыз. Бұл қалта өз кезегінде келесі файлды қамтиды:
    • MAFTZ0110.bin (орнату адаптерінің бағдарлама жасақтамасы)
  3. Карта ұяшығын немесе жад картасын оқу құралын пайдаланып, «MAFTZ0110.bin» файлын фотокамерада пішімделген жад картасына көшіріңіз.
    Ескертпе: бағдарлама жасақтамасын жад картасының түбірлік (ең жоғарғы) каталогына көшіруді ұмытпаңыз. Түбірлік каталог астындағы қалтаға орналастырылған болса, фотокамера жаңа бағдарлама жасақтамасын танымайды.
  4. FTZ орнату адаптерін фотокамераға жалғаңыз.
  5. Жад картасын фотокамераға салып, фотокамераны қосыңыз.
  6. Бағдарлама жасақтамасының жаңартымын орындау үшін SETUP MENU (БАПТАУ МӘЗІРІ) > Firmware version (Бағдарлама жасақтамасының нұсқасы) тармағын таңдаңыз және экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
  7. Жаңарту аяқталғанын хабарлайтын хабар көрсетілгенде фотокамераны өшіріңіз және жад картасын алыңыз.
  8. Фотокамера қосып, бағдарлама жасақтамасы жаңа нұсқаға жаңартылғанына көз жеткізіңіз.

Ескертпе: егжей-тегжейлі нұсқаулар немесе жаңартуды аяқтау үшін қажет жабдық туралы ақпарат алу үшін келесі pdf файлын жүктеңіз:
Z-series_FirmUp_Mac_En.pdf (PDF) (0,25 МБ)

Ескертпе: сіз үшін жаңартуды Nikon компаниясының қызмет көрсету өкілі орындай алады.

Соңғы пайдаланушының лицензиялық келісімі

PDF файлдарын тегін Adobe® Reader® бағдарламалық жасақтамасын пайдаланып көруге болады.
Adobe® Reader® бағдарламасын жүктеңіз.