Қазақ

Құрылғыңыз бұл жүктеп алу қызметін қолдамағанымен, оны жүктеп алу туралы ақпаратты көру үшін пайдалануға болады. Жүктеп алуларға сілтемелер компьютерде жүктеп алу үшін электрондық пошта арқылы жіберіледі.

SB-5000 бағдарлама жасақтамасы

Операциялық жүйені таңдаңыз.

  • Windows
  • Mac OS

Бұл бағдарламалық жасақтаманың жаңартымы бағдарламасы жоғарыда көрсетілген тұтынушы өніміне («әсер етілетін өнім») арналған және тек төменде көрсетілген келісімді қабылдағанда ғана қамтамасыз етіледі. «Қабылдау» жауабын таңдасаңыз және «Жүктеу» түймесін бассаңыз, сіз келісімнің шарттарын және талаптарын қабылдадыңыз деп есептеледі. Жүктеуді бастау алдында келісімнің шарттарын түсінетініңізге көз жеткізіңіз.

  • • Бұл қызмет SB-5000 жарқыл бөліктерінің бағдарлама жасақтамасын 14.004 нұсқасына жаңарту үшін пайдалануға болатын бағдарламалық жасақтаманы қамтамасыз етеді. Жоғарыда көрсетілген бағдарлама жасақтамасы орнатылып қойылған болса, бұл жаңартуды жүктеу немесе орнату қажет емес.
  • • Бұл бағдарлама жасақтамасының жаңартымы SB-5000 жарқыл бөлігі фотокамераға жалғанған күйде орындалады. Үйлесімді фотокамералар тізімін «Үйлесімді фотокамералар» бөлімінде қараңыз.
  • • Бұл жаңарту алдыңғы жаңартуларда жасалған барлық өзгертулерді қамтиды.
  • • Жалғастыру алдында төмендегі ақпаратты оқыңыз.
Үйлесімді фотокамералар

SB-5000 бағдарлама жасақтамасын жаңарту үшін келесі фотокамераларды пайдалануға болады:

  • • Z сериялы фотокамералар
  • • D6, D5, D4S, Df, D850, D810, D810A, D780 және D750
  • • D500, D7500, D7200, D5600, D5500, D5300, D3500, D3400 және D3300

SB-5000 бағдарлама жасақтамасын жаңарту алдында келесі фотокамералардың бағдарлама жасақтамасын соңғы нұсқаға дейін жаңартыңыз.

  • • D4, D800, D800E, D610 және D600
  • • D7100, D5200 және D3200

Ескертпе: Басқа фотокамераларды пайдалану мүмкін емес.

Ескертпе: сіз үшін жаңартуды Nikon компаниясының қызмет көрсету өкілі орындай алады.

Бағдарлама жасақтамасының 14.003 нұсқасынан 14.004 нұсқасына өзгертеді
  • • NIKKOR Z 58mm f/0.95 S Noct объективін қолдау үшін өнім енді f/0.95 апертурасын көрсете алады.
Алдыңғы нұсқалардан бергі өзгертулер
Бағдарлама жасақтамасының 14.002 нұсқасынан 14.003 нұсқасына өзгертеді
  • • Z 7, Z 6 және D3500 фотокамераларын қолдау қосылды.
Бағдарлама жасақтамасының 14.001 нұсқасынан 14.002 нұсқасына өзгертеді
  • • Келесі мәселелер шешілді:
    • - Төмен температураларда масштабтау (жарықтандыру бұрышы) жұмыс істемейтін.
    • - Custum (Теңшелген мәзір) > AF (АФ қосымша жарықтандыру/жарқыл функциясын өшіру) үшін AF ONLY (АФ қосымша жарықтандыру белсендірілген, жарқыл функциясы өшірілген) таңдалса, күту режимінің таймері қайта іске қосылғаннан кейін немесе фотокамераны қосқаннан кейін ысырманы босату түймешігін жартылай басқанда АФ қосымша шамы белсендірілмейтін.
Жарқыл бөлігінің бағдарлама жасақтамасының нұсқасын көру

Фотокамерада

  1. SB-5000 жарқыл бөлігін фотокамераға жалғап, фотокамераны да, жарқыл бөлігін де қосыңыз.
  2. SB-5000 бағдарлама жасақтамасының нұсқасын көрсету үшін фотокамераның MENU түймешігін басыңыз және SETUP MENU (БАПТАУ МӘЗІРІ) ішінде Firmware version (Бағдарлама жасақтамасының нұсқасы) тармағын таңдаңыз.
  3. SB-5000 бағдарлама жасақтамасының нұсқасын тексеріңіз.
  4. Фотокамера мен жарқыл бөлігін өшіріңіз.

SB-5000 жарқылында

  1. SB-5000 жарқылын қосыңыз.
  2. MENU түймешігін басыңыз және мульти селекторды пайдаланып SET_UP (Баптау мәзірі) > Ver. тармағын таңдаңыз.
  3. SB-5000 бағдарлама жасақтамасының нұсқасын тексеріңіз.
  4. Жарқылды өшіріңіз.
Өнім сипаттамасы
Аты SB-5000 бағдарлама жасақтамасының 14.004 нұсқасы
Қолдау көрсетілетін жарқыл бөліктері SB-5000
Қолдау көрсетілетін жарқыл бөлігі бағдарлама жасақтамасының нұсқалары 14.001–14.003 нұсқалары
Файл атауы F-SB5000-V14004W.exe
Жүйелік талаптар
  • Microsoft Windows 10 Home
  • Microsoft Windows 10 Pro
  • Microsoft Windows 10 Enterprise
  • Microsoft Windows 8.1
  • Microsoft Windows 8.1 Pro
  • Microsoft Windows 8.1 Enterprise
  • Microsoft Windows 7 Home Basic
  • Microsoft Windows 7 Home Premium
  • Microsoft Windows 7 Professional
  • Microsoft Windows 7 Enterprise
  • Microsoft Windows 7 Ultimate
Ескертпе: жад картасын оқу құралы немесе ішіне орнатылған жад картасының ұяшығы бар компьютер қажет.
Авторлық құқық Nikon корпорациясы
Мұрағат түрі Өздігінен шығарып алынатын
Көшіру Рұқсат етілмеген
Жарқыл бөлігінің бағдарлама жасақтамасын жаңарту
  1. Компьютердің қатты дискінде қалта жасап, қалағаныңызша атаңыз.
  2. F-SB5000-V14004W.exe файлын 1-қадамда жасалған қалтаға жүктеңіз.
  3. Келесі файлды «SB5000Update» атты қалтаға шығарып алу үшін F-SB5000-V14004W.exe файлын іске қосыңыз:
    • SB500014004.bin (жарқыл бөлігінің бағдарлама жасақтамасы)
  4. Карта ұяшығын немесе жад картасын оқу құралын пайдаланып, «SB500014004.bin» файлын фотокамерада пішімделген жад картасына көшіріңіз.
  5. Жад картасын фотокамераға салыңыз. Фотокамера бір ұяшықты негізгі ұяшық және екіншісін қосымша ұяшық ретінде таңдауға мүмкіндік берсе, картаны қазіргі уақытта негізгі ұяшық ретінде таңдалған ұяшыққа салыңыз. Я болмаса, картаны 1-ұяшыққа салыңыз.
  6. SB-5000 жарқыл бөлігін фотокамераға жалғап, фотокамераны және жарқыл бөлігін қосыңыз.
  7. Бағдарлама жасақтамасын жаңартуды орындау үшін фотокамераның MENU түймешігін басыңыз, SETUP MENU (БАПТАУ МӘЗІРІ) ішінде Firmware version (Бағдарлама жасақтамасының нұсқасы) > Update (Жаңарту) тармағын таңдаңыз және экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
  8. Жаңарту аяқталғаннан кейін фотокамера мен жарқыл бөлігін өшіріп, жад картасын алыңыз.
  9. Фотокамера мен жарқыл бөлігін қосып, бағдарлама жасақтамасы жаңа нұсқаға жаңартылғанына көз жеткізіңіз.

Ескертпе: егжей-тегжейлі нұсқаулар немесе жаңартуды аяқтау үшін қажет жабдық туралы ақпарат алу үшін келесі pdf файлын жүктеңіз:
SB_FirmUp_Win_En.pdf (PDF) (0,33 МБ)

Ескертпе: сіз үшін жаңартуды Nikon компаниясының қызмет көрсету өкілі орындай алады.

Өнім сипаттамасы
Аты SB-5000 бағдарлама жасақтамасының 14.004 нұсқасы
Қолдау көрсетілетін жарқыл бөліктері SB-5000
Қолдау көрсетілетін жарқыл бөлігі бағдарлама жасақтамасының нұсқалары 14.001–14.003 нұсқалары
Файл атауы F-SB5000-V14004M.dmg
Жүйелік талаптар
  • macOS Mojave 10.14 нұсқасы
  • macOS High Sierra 10.13 нұсқасы
  • macOS Sierra 10.12 нұсқасы
  • OS X 10.11.6
  • OS X 10.10.5
  • OS X 10.9.5
  • OS X 10.8.5
  • OS X 10.7.5
  • Mac OS X 10.6.8
Ескертпе: жад картасын оқу құралы немесе ішіне орнатылған жад картасының ұяшығы бар компьютер қажет.
Авторлық құқық Nikon корпорациясы
Мұрағат түрі Өздігінен шығарып алынатын
Көшіру Рұқсат етілмеген
Жарқыл бөлігінің бағдарлама жасақтамасын жаңарту
  1. F-SB5000-V14004M.dmg файлын жүктеңіз.
  2. «SB5000Update» атты қалтаны қамтитын диск кескінін бекіту үшін F-SB5000-V14004M.dmg белгішесін екі рет басыңыз. Бұл қалта өз кезегінде келесі файлды қамтиды:
    • SB500014004.bin (жарқыл бөлігінің бағдарлама жасақтамасы)
  3. Карта ұяшығын немесе жад картасын оқу құралын пайдаланып, «SB500014004.bin» файлын фотокамерада пішімделген жад картасына көшіріңіз.
  4. Жад картасын фотокамераға салыңыз. Фотокамера бір ұяшықты негізгі ұяшық және екіншісін қосымша ұяшық ретінде таңдауға мүмкіндік берсе, картаны қазіргі уақытта негізгі ұяшық ретінде таңдалған ұяшыққа салыңыз. Я болмаса, картаны 1-ұяшыққа салыңыз.
  5. SB-5000 жарқыл бөлігін фотокамераға жалғап, фотокамераны және жарқыл бөлігін қосыңыз.
  6. Бағдарлама жасақтамасын жаңартуды орындау үшін фотокамераның MENU түймешігін басыңыз, SETUP MENU (БАПТАУ МӘЗІРІ) ішінде Firmware version (Бағдарлама жасақтамасының нұсқасы) > Update (Жаңарту) тармағын таңдаңыз және экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
  7. Жаңарту аяқталғаннан кейін фотокамера мен жарқыл бөлігін өшіріп, жад картасын алыңыз.
  8. Фотокамера мен жарқыл бөлігін қосып, бағдарлама жасақтамасы жаңа нұсқаға жаңартылғанына көз жеткізіңіз.

Ескертпе: егжей-тегжейлі нұсқаулар немесе жаңартуды аяқтау үшін қажет жабдық туралы ақпарат алу үшін келесі pdf файлын жүктеңіз:
SB_FirmUp_Mac_En.pdf (PDF) (0,27 МБ)

Ескертпе: сіз үшін жаңартуды Nikon компаниясының қызмет көрсету өкілі орындай алады.

Соңғы пайдаланушының лицензиялық келісімі

  • Жүктеу

    F-SB5000-V14004W.exe
    (Шамамен 511.78 KB)

  • Жүктеу

    F-SB5000-V14004M.dmg
    (Шамамен 457.30 KB)

PDF файлдарын тегін Adobe® Reader® бағдарламалық жасақтамасын пайдаланып көруге болады.
Adobe® Reader® бағдарламасын жүктеңіз.