Қазақ

Құрылғыңыз бұл жүктеп алу қызметін қолдамағанымен, оны жүктеп алу туралы ақпаратты көру үшін пайдалануға болады. Жүктеп алуларға сілтемелер компьютерде жүктеп алу үшін электрондық пошта арқылы жіберіледі.

NIKKOR Z 24-70mm f/4 S бағдарлама жасақтамасы

Операциялық жүйені таңдаңыз.

  • Windows
  • Mac OS

Бұл бағдарламалық жасақтаманың жаңартымы бағдарламасы жоғарыда көрсетілген тұтынушы өніміне («әсер етілетін өнім») арналған және тек төменде көрсетілген келісімді қабылдағанда ғана қамтамасыз етіледі. «Қабылдау» жауабын таңдасаңыз және «Жүктеу» түймесін бассаңыз, сіз келісімнің шарттарын және талаптарын қабылдадыңыз деп есептеледі. Жүктеуді бастау алдында келісімнің шарттарын түсінетініңізге көз жеткізіңіз.

  • • Бұл қызмет NIKKOR Z 24-70mm f/4 S объективтерінің бағдарлама жасақтамасын 1.01 нұсқасына жаңарту үшін пайдалануға болатын бағдарламалық жасақтаманы қамтамасыз етеді. Жоғарыда көрсетілген бағдарлама жасақтамасы орнатылып қойылған болса, бұл жаңартуды жүктеу немесе орнату қажет емес.
  • • Бұл бағдарлама жасақтамасының жаңартымы NIKKOR Z 24-70mm f/4 S объективі фотокамераға жалғанған күйде орындалады. Үйлесімді фотокамералар тізімін «Үйлесімді фотокамералар» бөлімінде қараңыз.
  • • Жаңартуды орындау үшін фотокамерада пайдаланылатын жад картасы және үйлесімді жад картасын оқу құралы қажет болады.
  • • Cіз үшін жаңартуды Nikon компаниясының қызмет көрсету өкілі орындай алады.
  • • Жалғастыру алдында төмендегі ақпаратты оқыңыз.
Үйлесімді фотокамералар

Келесі фотокамераларды NIKKOR Z 24-70mm f/4 S объективтерінің бағдарлама жасақтамасын жаңарту үшін пайдалануға болады:

  • • Z сериялы фотокамералар, мысалы Z 7

Ескертпе: Басқа фотокамераларды пайдалану мүмкін емес.

Ескертпе: сіз үшін жаңартуды Nikon компаниясының қызмет көрсету өкілі орындай алады.

Бағдарлама жасақтамасының 1.00 нұсқасынан 1.01 нұсқасына өзгертеді
  • • Фотокамера өшірулі кезде апертураны минималды диаметрге емес, орташа диаметрге (шамамен f/8) орнату арқылы апертураны басқару сенімдірек етілді.
Объективтің бағдарлама жасақтамасының нұсқасын көру
  1. Фотокамераға NIKKOR Z 24-70mm f/4 S объективін жалғап, фотокамераны қосыңыз.
  2. Фотокамераның және объективтің бағдарлама жасақтамасының нұсқаларын көрсету үшін фотокамераның MENU (МӘЗІР) түймешігін басып, SETUP MENU (БАПТАУ МӘЗІРІ) > Firmware version (Бағдарлама жасақтамасының нұсқасы) тармағын таңдаңыз.
  3. Бағдарлама жасақтамасының нұсқасын тексеріңіз.
  4. Фотокамераны өшіріңіз.
Өнім сипаттамасы
Аты NIKKOR Z 24-70mm f/4 S бағдарлама жасақтамасының 1.01 нұсқасы
Қолдау көрсетілетін объективтер NIKKOR Z 24-70mm f/4 S
Қолдау көрсетілетін объективтің бағдарлама жасақтамасының нұсқалары 1.00 нұсқасы
Файл атауы F-MLZ24-70F4S-V0101W.exe
Жүйелік талаптар
  • Microsoft Windows 10 Home
  • Microsoft Windows 10 Pro
  • Microsoft Windows 10 Enterprise
  • Microsoft Windows 8.1
  • Microsoft Windows 8.1 Pro
  • Microsoft Windows 8.1 Enterprise
Ескертпе: жад картасын оқу құралы және компьютер қажет.
Авторлық құқық Nikon корпорациясы
Мұрағат түрі Өздігінен шығарып алынатын
Көшіру Рұқсат етілмеген
Объективтің бағдарлама жасақтамасын жаңарту
  1. Компьютердің қатты дискінде қалта жасап, қалағаныңызша атаңыз.
  2. F-MLZ24-70F4S-V0101W.exe файлын 1-қадамда жасалған қалтаға жүктеңіз.
  3. Келесі файлды «Z24-70F4SUpdate» атты қалтаға шығарып алу үшін F-MLZ24-70F4S-V0101W.exe файлын іске қосыңыз:
    • MLZ24_70F4S0101.bin (объективтің бағдарлама жасақтамасы)
  4. Карта ұяшығын немесе жад картасын оқу құралын пайдаланып, «MLZ24_70F4S0101.bin» файлын фотокамерада пішімделген жад картасына көшіріңіз.
    Ескертпе: бағдарлама жасақтамасын жад картасының түбірлік (ең жоғарғы) каталогына көшіруді ұмытпаңыз. Түбірлік каталог астындағы қалтаға орналастырылған болса, фотокамера жаңа бағдарлама жасақтамасын танымайды.
  5. Жад картасын фотокамераға салып, фотокамераны қосыңыз.
  6. Бағдарлама жасақтамасының жаңартымын орындау үшін SETUP MENU (БАПТАУ МӘЗІРІ) > Firmware version (Бағдарлама жасақтамасының нұсқасы) тармағын таңдаңыз және экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
  7. Жаңарту аяқталғанын хабарлайтын хабар көрсетілгенде фотокамераны өшіріңіз және жад картасын алыңыз.
  8. Фотокамера қосып, бағдарлама жасақтамасы жаңа нұсқаға жаңартылғанына көз жеткізіңіз.

Ескертпе: егжей-тегжейлі нұсқаулар немесе жаңартуды аяқтау үшін қажет жабдық туралы ақпарат алу үшін келесі pdf файлын жүктеңіз:
Z-series_FirmUp_Win_En.pdf (PDF) (0,30 МБ)

Ескертпе: сіз үшін жаңартуды Nikon компаниясының қызмет көрсету өкілі орындай алады.

Өнім сипаттамасы
Аты NIKKOR Z 24-70mm f/4 S бағдарлама жасақтамасының 1.01 нұсқасы
Қолдау көрсетілетін объективтер NIKKOR Z 24-70mm f/4 S
Қолдау көрсетілетін объективтің бағдарлама жасақтамасының нұсқалары 1.00 нұсқасы
Файл атауы F-MLZ24-70F4S-V0101M.dmg
Жүйелік талаптар
  • macOS Catalina 10.15 нұсқасы
  • macOS Mojave 10.14 нұсқасы
  • macOS High Sierra 10.13 нұсқасы
  • macOS Sierra 10.12 нұсқасы
Ескертпе: жад картасын оқу құралы және компьютер қажет.
Авторлық құқық Nikon корпорациясы
Мұрағат түрі Өздігінен шығарып алынатын
Көшіру Рұқсат етілмеген
Объективтің бағдарлама жасақтамасын жаңарту
  1. F-MLZ24-70F4S-V0101M.dmg файлын жүктеңіз.
  2. «Z24-70F4SUpdate» атты қалтаны қамтитын диск кескінін бекіту үшін F-MLZ24-70F4S-V0101M.dmg белгішесін екі рет басыңыз. Бұл қалта өз кезегінде келесі файлды қамтиды:
    • MLZ24_70F4S0101.bin (объективтің бағдарлама жасақтамасы)
  3. Карта ұяшығын немесе жад картасын оқу құралын пайдаланып, «MLZ24_70F4S0101.bin» файлын фотокамерада пішімделген жад картасына көшіріңіз.
    Ескертпе: бағдарлама жасақтамасын жад картасының түбірлік (ең жоғарғы) каталогына көшіруді ұмытпаңыз. Түбірлік каталог астындағы қалтаға орналастырылған болса, фотокамера жаңа бағдарлама жасақтамасын танымайды.
  4. Жад картасын фотокамераға салып, фотокамераны қосыңыз.
  5. Бағдарлама жасақтамасының жаңартымын орындау үшін SETUP MENU (БАПТАУ МӘЗІРІ) > Firmware version (Бағдарлама жасақтамасының нұсқасы) тармағын таңдаңыз және экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
  6. Жаңарту аяқталғанын хабарлайтын хабар көрсетілгенде фотокамераны өшіріңіз және жад картасын алыңыз.
  7. Фотокамера қосып, бағдарлама жасақтамасы жаңа нұсқаға жаңартылғанына көз жеткізіңіз.

Ескертпе: егжей-тегжейлі нұсқаулар немесе жаңартуды аяқтау үшін қажет жабдық туралы ақпарат алу үшін келесі pdf файлын жүктеңіз:
Z-series_FirmUp_Mac_En.pdf (PDF) (0,25 МБ)

Ескертпе: сіз үшін жаңартуды Nikon компаниясының қызмет көрсету өкілі орындай алады.

Соңғы пайдаланушының лицензиялық келісімі

  • Жүктеу

    F-MLZ24-70F4S-V0101W.exe
    (Шамамен 404.70 KB)

  • Жүктеу

    F-MLZ24-70F4S-V0101M.dmg
    (Шамамен 369.13 KB)

PDF файлдарын тегін Adobe® Reader® бағдарламалық жасақтамасын пайдаланып көруге болады.
Adobe® Reader® бағдарламасын жүктеңіз.