Қазақ

Құрылғыңыз бұл жүктеп алу қызметін қолдамағанымен, оны жүктеп алу туралы ақпаратты көру үшін пайдалануға болады. Жүктеп алуларға сілтемелер компьютерде жүктеп алу үшін электрондық пошта арқылы жіберіледі.

D750 бағдарлама жасақтамасы

Операциялық жүйені таңдаңыз.

  • Windows
  • Mac OS

Бұл бағдарламалық жасақтаманың жаңартымы бағдарламасы жоғарыда көрсетілген тұтынушы өніміне («әсер етілетін өнім») арналған және тек төменде көрсетілген келісімді қабылдағанда ғана қамтамасыз етіледі. «Қабылдау» жауабын таңдасаңыз және «Жүктеу» түймесін бассаңыз, сіз келісімнің шарттарын және талаптарын қабылдадыңыз деп есептеледі. Жүктеуді бастау алдында келісімнің шарттарын түсінетініңізге көз жеткізіңіз.

  • • Бұл қызмет D750 фотокамерасының «C» бағдарлама жасақтамасын 1.15 нұсқасына жаңарту үшін пайдалануға болатын бағдарламалық жасақтаманы қамтамасыз етеді. Жалғастыру алдында фотокамераның SETUP MENU (БАПТАУ МӘЗІРІ) ішінде Firmware version (Бағдарлама жасақтамасының нұсқасы) тармағын таңдап, фотокамераның бағдарлама жасақтамасының нұсқасын қараңыз. Жоғарыда көрсетілген бағдарлама жасақтамасы орнатылып қойған болса, бұл жаңартуды жүктеу немесе орнату қажет емес.
  • • Бұл жаңарту алдыңғы жаңартуларда жасалған барлық өзгертулерді қамтиды.
  • • Жалғастыру алдында төмендегі ақпаратты оқыңыз.
«C» бағдарлама жасақтамасының нұсқасын 1.13 дегеннен 1.15 дегенге өзгертеді
  • • AF-P DX NIKKOR 10-20mm f/4.5-5.6G VR объективімен 10 мм фокустық қашықтығында және PHOTO SHOOTING MENU (ФОТОСУРЕТ ТҮСІРУ МӘЗІРІ) ішінде Image area (Кескін аумағы) > Choose image area (Кескін аумағын таңдау) үшін FX (36x24) 1.0x мәні, Image area (Кескін аумағы) > Auto DX crop (Автоматты DX кесу) үшін Off (Өшірулі) күйі және Auto distortion control (Бұрмалануды автоматты басқару) үшін On (Қосулы) күйі таңдалып түсірілген суреттерде бұрмалануды басқарудың артық қолданылуына әкелетін мәселе шешілді.
  • • Келесі жағдайларда микропроцессормен жабдықталмаған объективпен ысырманы босату түймешігін бір қозғалыспен соңына дейін басу арқылы түсірілген фотосуреттердің жарық көзінде артық ұсталуына әкелетін мәселе шешілді: күту режимінің таймері өшірулі, CUSTOM SETTING MENU (ҚОЛДАНУШЫ ПАРАМЕТРЛЕРІНІҢ МӘЗІРІ) ішінде c1 (Shutter-release button AE-L (Ысырманы босату түймешігі АЭ-Қ)) қолданушы параметрі үшін On (Қосулы) күйі таңдалған және объектив туралы ақпарат SETUP MENU (БАПТАУ МӘЗІРІ) ішіндегі Non-CPU lens data (Микропроцессормен жабдықталмаған объектив деректері) параметрін пайдаланып көрсетілген.
Алдыңғы нұсқалардан бергі өзгертулер
«C» бағдарлама жасақтамасының нұсқасын 1.12 дегеннен 1.13 дегенге өзгертеді
  • SETUP MENU (БАПТАУ МӘЗІРІ) > Time zone and date (Уақыт белдеуі және күн) > Time zone (Уақыт белдеуі) дисплейі енді қазіргі уақытта таңдалған негізгі қалалардың атауларын ғана көрсетеді.
«C» бағдарлама жасақтамасының нұсқасын 1.11 дегеннен 1.12 дегенге өзгертеді
  • • AF-P объективтерінің келесі мүмкіндіктерін қолдау қосылды:
    • - Фотокамера фокусталғаннан кейін күту режимінің таймері бітсе, таймер қайта белсендірілгенде фокустау орны өзгермейді.
    • - Қолмен реттелетін фокус режимінде көріністапқыштағы фокустау индикаторы (немесе тікелей көріністе, мониторда таңдалған фокустау нүктесі) жыпылықтап, фокустау сақинасын айналдыру арқылы шексіздік немесе минималды фокустау қашықтығына жеткеніңізді көрсетеді.
  • • Келесі мәселелер шешілді:
    • - PHOTO SHOOTING MENU (ФОТОСУРЕТ ТҮСІРУ МӘЗІРІ) ішінде Role played by card in Slot 2 (2-ұяшықтағы карта ойнайтын рөл) үшін Overflow (Толып кету) мәні таңдалып суретке түсіргеннен кейін суреттерді көргенде фотокамера кейде соңынан екінші түсірілген суретті көрсететін.
    • - Бейнефильмдерді Auto sensitivity (Автоматты сезімталдық) > Microphone sensitivity (Микрофон сезімталдығы) арқылы жазғанда микрофон сезімталдығы кейде дұрыс реттелмейтін.
«C» бағдарлама жасақтамасының нұсқасын 1.10 дегеннен 1.11 дегенге өзгертеді
  • • Енді WT-7 сымсыз таратқышына қолдау көрсетіледі.
  • • Келесі мәселелер шешілді:
    • - Ойнату кезінде RGB гистограммасы дисплейінде көргенде кейбір кескіндер үшін дұрыс емес гистограммалар көрсетілетін еді.
    • - Auto distortion control (Бұрмалануды автоматты басқару) үшін On (Қосулы) күйі таңдалған болса, Image quality (Кескін сапасы) үшін NEF (RAW) + JPEG fine (NEF (RAW) + JPEG сапалы) мәні және Image size (Кескін өлшемі) үшін Medium (Орташа) мәні таңдалып түсірілген фотосуреттердің жиегінде бұрмалану пайда болатын еді.
    • - SETUP MENU (БАПТАУ МӘЗІРІ) ішінде Save/load settings (Параметрлерді сақтау/жүктеу) үшін Save settings (Параметрлерді сақтау) мәні таңдалған кезде, CUSTOM SETTINGS MENU (ҚОЛДАНУШЫ ПАРАМЕТРЛЕРІНІҢ МӘЗІРІ) ішіндегі f (Controls (Басқару тетіктері)) тобында f5 (Customize command dials (Басқару дискілерін теңшеу)) > Change main/sub (Негізгі/қосымша дискіні өзгерту) қолданушы параметрі үшін таңдалған параметр сақталмайтын еді.
    • - Кейде суреттер жазылмайтын.
«C» бағдарлама жасақтамасының нұсқасын 1.02 дегеннен 1.10 дегенге өзгертеді
  • SETUP MENU (БАПТАУ МӘЗІРІ) ішінде HDMI элементіне External recording control (Сыртқы жазуды басқару) параметрі қосылды. Фотокамера HDMI арқылы Atomos Open Protocol (Atomos SHOGUN, NINJA2 немесе NINJA BLADE) қолдайтын үшінші тарап жазу құралына қосылса, On (Қосулы) күйін таңдау фотокамераның басқару тетіктерін жазуды бастау және тоқтату үшін пайдалануға мүмкіндік береді. Қосымша ақпарат қосымша нұсқаулықта қол жетімді.
    Ескертпе: 576p (progressive) (576p (прогрессивті)) немесе 480p (progressive) (480p (прогрессивті)) параметрінен басқа параметрді HDMI > Output resolution (Шығыс ажыратымдылық) үшін SETUP MENU (БАПТАУ МӘЗІРІ) ішінде таңдаңыз.
  • • Келесі мәселелер шешілді:
    • - CUSTOM SETTING MENU (ҚОЛДАНУШЫ ПАРАМЕТРЛЕРІНІҢ МӘЗІРІ) ішінде b Metering/exposure (b Өлшеу/экспозиция) > b3 Easy exposure compensation (Оңай экспозиция түзетілімі) > Easy exposure compensation (Оңай экспозиция түзетілімі) үшін On (Auto reset) (Қосулы (автоматты түрде қалпына келтіру)) таңдалған күйде экспозиция түзетілімін реттеу үшін басқару дискін бұрғанда тікелей көрініс арқылы фотосурет түсіру дисплейінің жарықтығы өзгермейді.
    • - Preview (Алдын ала қарау) рөлі белгіленгенде алдын ала қарау түймешігі объективті максималды апертураға дейін тоқтатқанымен, максималды апертура индикаторы мониторда көрінбейді.
    • - Сирек жағдайларда пайдаланушы бейнефильм тікелей көрінісінде фотосуреттер түсіруге әрекеттенгенде ысырма босатылмайды.
    • - Бейнефильм тікелей көрінісі кезінде сыртқы HDMI жазу құралдарымен жазылған аудиода шамамен 4 секунд тұрақты дыбыс естіледі.
    • - Бейнефильм тікелей көрінісі кезінде мониторда көрсетілетін ысырма жылдамдығы, апертура және ISO сезімталдық түпкілікті бейнефильм файлындағы мәндерден ерекшеленеді.
    • - Жақтауға алу торы көрсетіліп тұрғанда пайдаланушы ұлғайтса, фокустау нүктесінің бір бөлігі жоғалады.
    • - Толық өлшемде қарау кезінде бейнефильмдер индикаторлар жасырын күйде (None (image only) (Жоқ (тек кескін))) ойнатылса, кейде дыбыс деңгейін реттеу мүмкін емес.
    • - RETOUCH MENU (ӨҢДЕУ МӘЗІРІ) ішіндегі NEF (RAW) processing (NEF (RAW) өңдеу) параметрін пайдаланып NEF (RAW) пішіміндегі кескіндерді өңдегенде теріс мән таңдалса, экспозиция түзетілімі қажет нәтижелерді бермейді.
    • - PHOTO SHOOTING MENU (ФОТОСУРЕТ ТҮСІРУ МƏЗІРІ) ішінде HDR (high dynamic range) (HDR (жоғары динамикаылқ ауқым)) таңдалған кезде сирек жағдайларда кескіндер дұрыс жазылмайды.
    • - Аралықты реттейтін таймер арқылы фотосурет түсіру кезінде Exposure smoothing (Экспозицияны тегістеу) үшін On (Қосулы) күйі таңдалса, біріншіден кейінгі әрбір кадр жарық көзінде артық ұсталады.
    • - Файл нөірлері дұрыс реттілікпен белгіленбеген.
    • - Фокустау нүктесі мониторда дұрыс орында көрсетілмейтін.
    • - Кейбір тілдерде SETUP MENU (БАПТАУ МӘЗІРІ) > Location data (Орын деректері) > Position (Орын) дисплейінде таңбалар немесе таңбалардың бөліктері болмайды.
    • - Кейбір тілдерде SETUP MENU (БАПТАУ МӘЗІРІ) > AF fine-tune (АФ дәл реттеу) > List saved values (Сақталған мәндер тізімі) дисплейінде таңбалар немесе таңбалардың бөліктері болмайды.
    • - SETUP MENU (БАПТАУ МӘЗІРІ) ішінде Conformity marking (Сәйкестік белгілері) таңдалған кезде кейбір аймақтарда ештеңе көрсетілмейді.
  • • Біраз анықтамалық мәтін өзгертілді.
  • • Дірілді азайту объективтері арқылы енді оңтайлы дірілді азайту қол жетімді.
«C» бағдарлама жасақтамасының нұсқасын 1.01 дегеннен 1.02 дегенге өзгертеді
  • • Фотокамера енді сенімдірек істейді.
«C» бағдарлама жасақтамасының нұсқасын 1.00 дегеннен 1.01 дегенге өзгертеді
  • PHOTO SHOOTING MENU (ФОТОСУРЕТ ТҮСІРУ МӘЗІРІ) ішінде ISO sensitivity settings (ISO сезімталдық параметрлері) > Auto ISO sensitivity control (ISO сезімталдықты автоматты түрде басқару) үшін On (Қосулы) күйі таңдалғанда ФЖ жоғары жылдамдықта автоматты синхрондауды пайдаланып қосымша жарқыл бөліктерімен түсірілген фотосуреттердің жарық көзінде артық ұсталуына әкелген мәселе шешілді. (Автоматты ФЖ жоғары жылдамдығы 1/200 s (Auto FP) (1/200 с (автоматты ФЖ)) немесе 1/250 s (Auto FP) (1/250 с (автоматты ФЖ)) параметрін e1 Flash sync speed (Жарқылды синхрондау жылдамдығы) үшін CUSTOM SETTING MENU (ҚОЛДАНУШЫ ПАРАМЕТРЛЕРІНІҢ МӘЗІРІ) ішінде таңдау арқылы қосылады)
  • • 4K теледидарлары HDMI арқылы қосылған кездегі мәзірдегі және фотокамера мониторындағы басқа дисплейлердегі және теледидардағы мәселелер шешілді.
  • CUSTOM SETTING MENU (ҚОЛДАНУШЫ ПАРАМЕТРЛЕРІ) мәзірінде d1 Beep (Дыбыстық сигнал) үшін Off (Өшірулі) параметрінен басқа параметр таңдалғанда кейде естілетін шу азайтылды.
Фотокамера бағдарлама жасақтамасының нұсқасын көру
  1. Фотокамераны қосыңыз.
  2. Фотокамераның бағдарлама жасақтамасының нұсқасын көрсету үшін фотокамераның MENU түймешігін басыңыз және SETUP MENU (БАПТАУ МӘЗІРІ) ішінде Firmware version (Бағдарлама жасақтамасының нұсқасы) тармағын таңдаңыз.
  3. Фотокамераның бағдарлама жасақтамасының нұсқасын тексеріңіз.
  4. Фотокамераны өшіріңіз.
Өнім сипаттамасы
Аты D750 «C» бағдарлама жасақтамасының 1.15 нұсқасы
Қолдау көрсетілетін фотокамералар D750
Қолдау көрсетілетін фотокамера бағдарлама жасақтамасының нұсқалары «C» бағдарлама жасақтамасының 1.00–1.13 нұсқалары
Файл атауы F-D750-V115W.exe
Жүйелік талаптар
  • Microsoft Windows 10 Home
  • Microsoft Windows 10 Pro
  • Microsoft Windows 10 Enterprise
  • Microsoft Windows 8.1
  • Microsoft Windows 8.1 Pro
  • Microsoft Windows 8.1 Enterprise
  • Microsoft Windows 7 Home Basic
  • Microsoft Windows 7 Home Premium
  • Microsoft Windows 7 Professional
  • Microsoft Windows 7 Enterprise
  • Microsoft Windows 7 Ultimate
Ескертпе: жад картасын оқу құралы немесе ішіне орнатылған жад картасының ұяшығы бар компьютер қажет.
Авторлық құқық Nikon корпорациясы
Мұрағат түрі Өздігінен шығарып алынатын
Көшіру Рұқсат етілмеген
Фотокамераның бағдарлама жасақтамасын жаңарту
  1. Компьютердің қатты дискінде қалта жасап, қалағаныңызша атаңыз.
  2. F-D750-V115W.exe файлын 1-қадамда жасалған қалтаға жүктеңіз.
  3. Келесі файлды «D750Update» атты қалтаға шығарып алу үшін F-D750-V115W.exe файлын іске қосыңыз:
    • D750_0115.bin (фотокамераның бағдарлама жасақтамасы)
  4. Карта ұяшығын немесе жад картасын оқу құралын пайдаланып, «D750_0115.bin» файлын фотокамерада пішімделген жад картасына көшіріңіз.
    Ескертпе: бағдарлама жасақтамасын жад картасының түбірлік (ең жоғарғы) каталогына көшіруді ұмытпаңыз. Түбірлік каталог астындағы қалтаға орналастырылған болса, фотокамера жаңа бағдарлама жасақтамасын танымайды.
  5. Жад картасын фотокамераның 1-ұяшығына салып, фотокамераны қосыңыз.
  6. SETUP MENU (БАПТАУ МӘЗІРІ) ішінде Firmware version (Бағдарлама жасақтамасының нұсқасы) тармағын таңдаңыз және бағдарлама жасақтамасының жаңартылуын аяқтау үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
  7. Жаңарту аяқталғаннан кейін фотокамераны өшіріңіз және жад картасын алыңыз.
  8. Бағдарлама жасақтамасы жаңа нұсқаға жаңартылғанына көз жеткізіңіз.

Ескертпе: егжей-тегжейлі нұсқаулар немесе жаңартуды аяқтау үшін қажет жабдық туралы ақпарат алу үшін келесі pdf файлын жүктеңіз:
DSLR_Firmup_Win_En.pdf (PDF) (0,21 МБ)

Ескертпе: сіз үшін жаңартуды Nikon компаниясының қызмет көрсету өкілі орындай алады.

Өнім сипаттамасы
Аты D750 «C» бағдарлама жасақтамасының 1.15 нұсқасы
Қолдау көрсетілетін фотокамералар D750
Қолдау көрсетілетін фотокамера бағдарлама жасақтамасының нұсқалары «C» бағдарлама жасақтамасының 1.00–1.13 нұсқалары
Файл атауы F-D750-V115M.dmg
Жүйелік талаптар
  • macOS Mojave 10.14 нұсқасы
  • macOS High Sierra 10.13 нұсқасы
  • macOS Sierra 10.12 нұсқасы
  • OS X 10.11.6
  • OS X 10.10.5
  • OS X 10.9.5
  • OS X 10.8.5
  • OS X 10.7.5
  • Mac OS X 10.6.8
Ескертпе: жад картасын оқу құралы немесе ішіне орнатылған жад картасының ұяшығы бар компьютер қажет.
Авторлық құқық Nikon корпорациясы
Мұрағат түрі Өздігінен шығарып алынатын
Көшіру Рұқсат етілмеген
Фотокамераның бағдарлама жасақтамасын жаңарту
  1. F-D750-V115M.dmg файлын жүктеңіз.
  2. «D750Update» атты қалтаны қамтитын диск кескінін бекіту үшін F-D750-V115M.dmg белгішесін екі рет басыңыз. Бұл қалта өз кезегінде келесі файлды қамтиды:
    • D750_0115.bin (фотокамераның бағдарлама жасақтамасы)
  3. Карта ұяшығын немесе жад картасын оқу құралын пайдаланып, «D750_0115.bin» файлын фотокамерада пішімделген жад картасына көшіріңіз.
    Ескертпе: бағдарлама жасақтамасын жад картасының түбірлік (ең жоғарғы) каталогына көшіруді ұмытпаңыз. Түбірлік каталог астындағы қалтаға орналастырылған болса, фотокамера жаңа бағдарлама жасақтамасын танымайды.
  4. Жад картасын фотокамераның 1-ұяшығына салып, фотокамераны қосыңыз.
  5. SETUP MENU (БАПТАУ МӘЗІРІ) ішінде Firmware version (Бағдарлама жасақтамасының нұсқасы) тармағын таңдаңыз және бағдарлама жасақтамасының жаңартылуын аяқтау үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
  6. Жаңарту аяқталғаннан кейін фотокамераны өшіріңіз және жад картасын алыңыз.
  7. Бағдарлама жасақтамасы жаңа нұсқаға жаңартылғанына көз жеткізіңіз.

Ескертпе: егжей-тегжейлі нұсқаулар немесе жаңартуды аяқтау үшін қажет жабдық туралы ақпарат алу үшін келесі pdf файлын жүктеңіз:
DSLR_Firmup_Mac_En.pdf (PDF) (0,17 МБ)

Ескертпе: сіз үшін жаңартуды Nikon компаниясының қызмет көрсету өкілі орындай алады.

Соңғы пайдаланушының лицензиялық келісімі

PDF файлдарын тегін Adobe® Reader® бағдарламалық жасақтамасын пайдаланып көруге болады.
Adobe® Reader® бағдарламасын жүктеңіз.