Қазақ

Құрылғыңыз бұл жүктеп алу қызметін қолдамағанымен, оны жүктеп алу туралы ақпаратты көру үшін пайдалануға болады. Жүктеп алуларға сілтемелер компьютерде жүктеп алу үшін электрондық пошта арқылы жіберіледі.

D810A бағдарлама жасақтамасы

Операциялық жүйені таңдаңыз.

  • Windows
  • Mac OS

Бұл бағдарламалық жасақтаманың жаңартымы бағдарламасы жоғарыда көрсетілген тұтынушы өніміне («әсер етілетін өнім») арналған және тек төменде көрсетілген келісімді қабылдағанда ғана қамтамасыз етіледі. «Қабылдау» жауабын таңдасаңыз және «Жүктеу» түймесін бассаңыз, сіз келісімнің шарттарын және талаптарын қабылдадыңыз деп есептеледі. Жүктеуді бастау алдында келісімнің шарттарын түсінетініңізге көз жеткізіңіз.

  • • Бұл қызмет D810A фотокамерасының «C» бағдарлама жасақтамасын 1.03 нұсқасына жаңарту үшін пайдалануға болатын бағдарламалық жасақтаманы қамтамасыз етеді. Жалғастыру алдында фотокамераның SETUP MENU (БАПТАУ МӘЗІРІ) ішінде Firmware version (Бағдарлама жасақтамасының нұсқасы) тармағын таңдап, фотокамераның бағдарлама жасақтамасының нұсқасын қараңыз. Жоғарыда көрсетілген бағдарлама жасақтамасы орнатылып қойған болса, бұл жаңартуды жүктеу немесе орнату қажет емес.
  • • Жалғастыру алдында төмендегі ақпаратты оқыңыз.
«C» бағдарлама жасақтамасының нұсқасын 1.02 дегеннен 1.03 дегенге өзгертеді
  • • AF-P объективтері үшін келесілерді қолдау қосылды:
    • - Фокустағаннан кейін күту режимінің таймері бітсе, таймер қайта белсендірілгенде фокустау орны өзгермейді.
    • - Фокус объективтің фокустау сақинасын пайдаланып реттелгенде енді шексіздікке немесе минималды фокустау қашықтығына жетуді көрсету үшін көріністапқыштағы фокустау индикаторы (және тікелей көріністе монитордағы фокустау нүктесі) жыпылықтайды.
  • • Келесі мәселелер шешілді:
    • - Бейнефильмдерді Auto sensitivity (Автоматты сезімталдық) параметрі Microphone sensitivity (Микрофон сезімталдығы) үшін таңдалып жазғанда микрофон сезімталдығы кейде дұрыс реттелмейтін.
    • - Бірнеше экспозиция арқылы суретке түсіру кезінде фотокамера кейде жауап беруді тоқтататын.
Алдыңғы нұсқалардан бергі өзгертулер
«C» бағдарлама жасақтамасының нұсқасын 1.01 дегеннен 1.02 дегенге өзгертеді
  • • Енді WT-7 сымсыз таратқышына қолдау көрсетіледі.
  • • Келесі мәселелер шешілді:
    • - Бірнеше экспозиция дұрыс жазылмайтын.
    • - Auto distortion control (Бұрмалануды автоматты басқару) үшін On (Қосулы) күйі таңдалған болса, Image quality (Кескін сапасы) үшін NEF (RAW) + JPEG fine (NEF (RAW) + JPEG сапалы) мәні және JPEG/TIFF recording (JPEG/TIFF жазу) > Image size (Кескін өлшемі) үшін Medium (Орташа) мәні таңдалып түсірілген фотосуреттердің жиегінде бұрмалану пайда болатын еді.
    • - Объективтер ауыстырылғаннан кейін бірден түсірілген фотосуреттер дұрыс экспозициямен жазылмайтын еді.
    • - Қорғау белгішесі дұрыс көрсетілмейтін.
    • - Auto distortion control (Бұрмалануды автоматты басқару) үшін On (Қосулы) күйі таңдалған болса, қолданушы Image quality (Кескін сапасы) үшін NEF (RAW) + JPEG fine (NEF (RAW) + JPEG сапалы) мәнін таңдап, NEF (RAW) recording (NEF (RAW) жазу) > Image size (Кескін өлшемі) үшін Small (Кішкентай) мәнін таңдап және Secondary slot function (Қосымша ұяшық функциясы) үшін RAW primary - JPEG secondary (RAW негізгі - JPEG қосымша) мәнін таңдап суреттер түсіруге әрекеттенгенде фотокамера жауап беруін тоқтататын.
    • - Электронды алдыңғы перде ысырмасының ысырма жылдамдықтары кейде 1/2000 секундтан тезірек болатын.
    • - Кейде суреттер жазылмайтын.
«C» бағдарлама жасақтамасының нұсқасын 1.00 дегеннен 1.01 дегенге өзгертеді
  • • Бағдарлама жасақтамасының 3.00 нұсқасы орнатылған WR-R10 сымсыз қашықтан басқару бөлігіне жалғанған кезде фотокамераның кейде жауап бермей қалуын тудыратын мәселе шешілді.
Фотокамера бағдарлама жасақтамасының нұсқасын көру
  1. Фотокамераны қосыңыз.
  2. Фотокамераның бағдарлама жасақтамасының нұсқасын көрсету үшін фотокамераның MENU түймешігін басыңыз және SETUP MENU (БАПТАУ МӘЗІРІ) ішінде Firmware version (Бағдарлама жасақтамасының нұсқасы) тармағын таңдаңыз.
  3. Фотокамераның бағдарлама жасақтамасының нұсқасын тексеріңіз.
  4. Фотокамераны өшіріңіз.
Өнім сипаттамасы
Аты D810A «C» бағдарлама жасақтамасының 1.03 нұсқасы
Қолдау көрсетілетін фотокамералар D810A
Қолдау көрсетілетін фотокамера бағдарлама жасақтамасының нұсқалары «C» бағдарлама жасақтамасының 1.00–1.02 нұсқалары
Файл атауы F-D810A-V103W.exe
Жүйелік талаптар
  • Microsoft Windows 10 Home
  • Microsoft Windows 10 Pro
  • Microsoft Windows 10 Enterprise
  • Microsoft Windows 8.1
  • Microsoft Windows 8.1 Pro
  • Microsoft Windows 8.1 Enterprise
  • Microsoft Windows 7 Home Basic
  • Microsoft Windows 7 Home Premium
  • Microsoft Windows 7 Professional
  • Microsoft Windows 7 Enterprise
  • Microsoft Windows 7 Ultimate
Ескертпе: жад картасын оқу құралы немесе ішіне орнатылған жад картасының ұяшығы бар компьютер қажет.
Авторлық құқық Nikon корпорациясы
Мұрағат түрі Өздігінен шығарып алынатын
Көшіру Рұқсат етілмеген
Фотокамераның бағдарлама жасақтамасын жаңарту
  1. Компьютердің қатты дискінде қалта жасап, қалағаныңызша атаңыз.
  2. F-D810A-V103W.exe файлын 1-қадамда жасалған қалтаға жүктеңіз.
  3. Келесі файлды «D810AUpdate» атты қалтаға шығарып алу үшін F-D810A-V103W.exe файлын іске қосыңыз:
    • D810A_0103.bin (фотокамераның бағдарлама жасақтамасы)
  4. Карта ұяшығын немесе жад картасын оқу құралын пайдаланып, «D810A_0103.bin» файлын фотокамерада пішімделген жад картасына көшіріңіз.
  5. Жад картасын қазіргі уақытта негізгі ұяшық ретінде таңдалған фотокамера ұяшығына салып, фотокамераны қосыңыз.
  6. SETUP MENU (БАПТАУ МӘЗІРІ) ішінде Firmware version (Бағдарлама жасақтамасының нұсқасы) тармағын таңдаңыз және бағдарлама жасақтамасының жаңартылуын аяқтау үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
  7. Жаңарту аяқталғаннан кейін фотокамераны өшіріңіз және жад картасын алыңыз.
  8. Бағдарлама жасақтамасы жаңа нұсқаға жаңартылғанына көз жеткізіңіз.

Ескертпе: егжей-тегжейлі нұсқаулар немесе жаңартуды аяқтау үшін қажет жабдық туралы ақпарат алу үшін келесі pdf файлын жүктеңіз:
DSLR_Firmup_Win_En.pdf (PDF) (0,21 МБ)

Ескертпе: сіз үшін жаңартуды Nikon компаниясының қызмет көрсету өкілі орындай алады.

Өнім сипаттамасы
Аты D810A «C» бағдарлама жасақтамасының 1.03 нұсқасы
Қолдау көрсетілетін фотокамералар D810A
Қолдау көрсетілетін фотокамера бағдарлама жасақтамасының нұсқалары «C» бағдарлама жасақтамасының 1.00–1.02 нұсқалары
Файл атауы F-D810A-V103M.dmg
Жүйелік талаптар
  • macOS High Sierra 10.13 нұсқасы
  • macOS Sierra 10.12 нұсқасы
  • OS X 10.11.6
  • OS X 10.10.5
  • OS X 10.9.5
  • OS X 10.8.5
  • OS X 10.7.5
  • Mac OS X 10.6.8
Ескертпе: жад картасын оқу құралы немесе ішіне орнатылған жад картасының ұяшығы бар компьютер қажет.
Авторлық құқық Nikon корпорациясы
Мұрағат түрі Өздігінен шығарып алынатын
Көшіру Рұқсат етілмеген
Фотокамераның бағдарлама жасақтамасын жаңарту
  1. F-D810A-V103M.dmg файлын жүктеңіз.
  2. «D810AUpdate» атты қалтаны қамтитын диск кескінін бекіту үшін F-D810A-V103M.dmg белгішесін екі рет басыңыз. Бұл қалта өз кезегінде келесі файлды қамтиды:
    • D810A_0103.bin (фотокамераның бағдарлама жасақтамасы)
  3. Карта ұяшығын немесе жад картасын оқу құралын пайдаланып, «D810A_0103.bin» файлын фотокамерада пішімделген жад картасына көшіріңіз.
  4. Жад картасын қазіргі уақытта негізгі ұяшық ретінде таңдалған фотокамера ұяшығына салып, фотокамераны қосыңыз.
  5. SETUP MENU (БАПТАУ МӘЗІРІ) ішінде Firmware version (Бағдарлама жасақтамасының нұсқасы) тармағын таңдаңыз және бағдарлама жасақтамасының жаңартылуын аяқтау үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
  6. Жаңарту аяқталғаннан кейін фотокамераны өшіріңіз және жад картасын алыңыз.
  7. Бағдарлама жасақтамасы жаңа нұсқаға жаңартылғанына көз жеткізіңіз.

Ескертпе: егжей-тегжейлі нұсқаулар немесе жаңартуды аяқтау үшін қажет жабдық туралы ақпарат алу үшін келесі pdf файлын жүктеңіз:
DSLR_Firmup_Mac_En.pdf (PDF) (0,17 МБ)

Ескертпе: сіз үшін жаңартуды Nikon компаниясының қызмет көрсету өкілі орындай алады.

Соңғы пайдаланушының лицензиялық келісімі

PDF файлдарын тегін Adobe® Reader® бағдарламалық жасақтамасын пайдаланып көруге болады.
Adobe® Reader® бағдарламасын жүктеңіз.