Қазақ

Құрылғыңыз бұл жүктеп алу қызметін қолдамағанымен, оны жүктеп алу туралы ақпаратты көру үшін пайдалануға болады. Жүктеп алуларға сілтемелер компьютерде жүктеп алу үшін электрондық пошта арқылы жіберіледі.

D4S бағдарлама жасақтамасы

Операциялық жүйені таңдаңыз.

  • Windows
  • Mac OS

Бұл бағдарламалық жасақтаманың жаңартымы бағдарламасы жоғарыда көрсетілген тұтынушы өніміне («әсер етілетін өнім») арналған және тек төменде көрсетілген келісімді қабылдағанда ғана қамтамасыз етіледі. «Қабылдау» жауабын таңдасаңыз және «Жүктеу» түймесін бассаңыз, сіз келісімнің шарттарын және талаптарын қабылдадыңыз деп есептеледі. Жүктеуді бастау алдында келісімнің шарттарын түсінетініңізге көз жеткізіңіз.

  • • Бұл қызмет D4S фотокамерасының «C» бағдарлама жасақтамасын 1.33 нұсқасына жаңарту үшін пайдалануға болатын бағдарламалық жасақтаманы қамтамасыз етеді. Жалғастыру алдында фотокамераның SETUP MENU (БАПТАУ МӘЗІРІ) ішінде Firmware version (Бағдарлама жасақтамасының нұсқасы) тармағын таңдап, фотокамераның бағдарлама жасақтамасының нұсқасын қараңыз. Жоғарыда көрсетілген бағдарлама жасақтамасы орнатылып қойған болса, бұл жаңартуды жүктеу немесе орнату қажет емес.
  • • Жалғастыру алдында төмендегі ақпаратты оқыңыз.
МАҢЫЗДЫ: SETUP MENU (БАПТАУ МӘЗІРІ) ішінде Network (Желі) > Network connection (Желілік байланыс) үшін Enable (Қосу) күйі таңдалған болса, бағдарлама жасақтамасының жаңартымдарын орындау мүмкін емес. Жалғастырмай тұрып Network connection (Желілік байланыс) үшін Disable (Өшіру) күйін таңдаңыз.
«C» бағдарлама жасақтамасының нұсқасын 1.32 дегеннен 1.33 дегенге өзгертеді
  • • AF-P объективтері үшін келесілерді қолдау қосылды:
    • - Фокустағаннан кейін күту режимінің таймері бітсе, таймер қайта белсендірілгенде фокустау орны өзгермейді.
    • - Фокус объективтің фокустау сақинасын пайдаланып реттелгенде енді шексіздікке немесе минималды фокустау қашықтығына жетуді көрсету үшін көріністапқыштағы фокустау индикаторы (және тікелей көріністе монитордағы фокустау нүктесі) жыпылықтайды.
  • • AF-P DX объективтерін қолдау қосылды.
Алдыңғы нұсқалардан бергі өзгертулер
«C» бағдарлама жасақтамасының нұсқасын 1.31 дегеннен 1.32 дегенге өзгертеді
  • • Төмендегі мәселелер шешілген: бұл RAW+JPEG фотосуреттері XQD және CompactFlash карта ұяшықтарына салынған жазу қосылған карталармен түсірілген кезде, SHOOTING MENU (ТҮСІРУ МӘЗІРІ) ішінде Secondary slot function (қосымша ұяшық функциясы) үшін RAW primary - JPEG secondary (RAW негізгі - JPEG қосымша) параметрі таңдалғанда және SETUP MENU (ОРНАТУ МӘЗІРІ) ішінде Network (Желі) > Options (Опциялар) > Auto send (Автоматты түрде жіберу) үшін On (Қосулы) күйі таңдалғанда сирек пайда болады.
    • - Пайдаланушылар (1) алдымен күту режимінің таймерін белсендірусіз ысырманы босату түймешігін соңына дейін басқаннан және (2) таймер уақытының бітуіне мүмкіндік бергеннен немесе алдымен таймерді қайта белсендірусіз фотокамераны өшіргеннен кейін фотокамера кейде қатып қалуы мүмкін.
    • - Күту режимінің таймері өшірулі күйде суретке түсіруді бастау үшін ысырманы босату түймешігі соңына дейін басылса, бірінші түсірілім кейде тасымалдау не кері жүктеу үшін белгіленбейді.
«C» бағдарлама жасақтамасының нұсқасын 1.30 дегеннен 1.31 дегенге өзгертеді
  • • WR-R10 сымсыз қашықтан басқару бөлігінің бағдарлама жасақтамасының 3.00 нұсқасында орын алатын мәселе шешілді. WR-R10 қосылған кезде, сирек жағдайларда фотокамера қалған кадрлар санын көрсетпейтін немесе оның өшуіне шамамен бір минут кететін.
«C» бағдарлама жасақтамасының нұсқасын 1.20 дегеннен 1.30 дегенге өзгертеді
  • SETUP MENU (БАПТАУ МӘЗІРІ) ішінде HDMI элементіне External recording control (Сыртқы жазуды басқару) параметрі қосылды. Фотокамера HDMI арқылы Atomos Open Protocol (Atomos SHOGUN, NINJA2 немесе NINJA BLADE) қолдайтын үшінші тарап жазу құралына қосылса, On (Қосулы) күйін таңдау фотокамераның басқару тетіктерін жазуды бастау және тоқтату үшін пайдалануға мүмкіндік береді. Қосымша ақпарат қосымша нұсқаулықта қол жетімді.
    Ескертпе:
    • 576p (progressive) (576p (прогрессивті)) немесе 480p (progressive) (480p (прогрессивті)) параметрінен басқа параметрді HDMI > Output resolution (Шығыс ажыратымдылық) үшін SETUP MENU (БАПТАУ МӘЗІРІ) ішінде таңдаңыз.
    • SHOOTING MENU (СУРЕТКЕ ТҮСІРУ МӘЗІРІ) ішінде Movie settings (Бейнефильм параметрлері) > Frame size/frame rate (Кадр өлшемі/кадр жылдамдығы) үшін 640x 424; 30p немесе 640x 424; 25p таңдалған кезде SETUP MENU (БАПТАУ МӘЗІРІ) ішінде HDMI > Output resolution (Шығыс ажыратымдылық) үшін Auto (Автоматты) параметрінен басқа параметрді таңдаңыз.
  • • Келесі мәселелер шешілді:
    • - Сирек жағдайларда пайдаланушы бейнефильм тікелей көрінісінде фотосуреттер түсіруге әрекеттенгенде ысырма босатылмайды.
    • - Бейнефильм тікелей көрінісі кезінде сыртқы HDMI жазу құралдарымен жазылған аудиода шамамен 4 секунд тұрақты дыбыс естіледі.
    • - RETOUCH MENU (ӨҢДЕУ МӘЗІРІ) ішіндегі NEF (RAW) processing (NEF (RAW) өңдеу) параметрін пайдаланып NEF (RAW) пішіміндегі кескіндерді өңдегенде теріс мән таңдалса, экспозиция түзетілімі қажет нәтижелерді бермейді.
    • - SHOOTING MENU (СУРЕТКЕ ТҮСІРУ МӘЗІРІ) ішінде HDR (high dynamic range) (HDR (жоғары динамикаылқ ауқым)) таңдалған кезде сирек жағдайларда кескіндер дұрыс жазылмайды.
    • - Портреттік бағдарда Choose image area (Кескін аумағын таңдау) үшін 5:4 (30x24) таңдалған болса, монитор фокустау нүктесін дұрыс орында көрсетпейтін еді.
«C» бағдарлама жасақтамасының нұсқасын 1.10 дегеннен 1.20 дегенге өзгертеді
  • • SB-500 қосымша жарқыл бөлігі жалғанған кезде енді CUSTOM SETTING MENU (ҚОЛДАНУШЫ ТАРАПЫНАН РЕТТЕЛЕТІН ПАРАМЕТРЛЕР МӘЗІРІ) ішінде e3: Optional flash (Қосымша жарқыл) үшін Commander mode (Басқару құралы режимі) параметрін таңдауға болады. *
  • • Енді SB-500 қосымша жарқыл бөлігінде LED шамымен бірге Auto (Автоматты) және Flash (Жарқыл) ақ түс балансы параметрлерін пайдалануға болады.
  • • Енді автоматты ақ түс балансы үйлесімдірек.
  • • Енді S немесе M экспозиция режимінде үздіксіз суретке түсіру режимі таңдалғанда 4 с немесе баяуырақ ысырма жылдамдықтарында бір қатарда түсіруге болатын түсірілімдер санына шектеу жоқ. *
  • • Енді ысырма жылдамдығы ретінде «Уақыт» таңдалғанда ысырма қанша уақыт бойы ашық қала алатынына шектеу жоқ. *
  • CUSTOM SETTING MENU (ҚОЛДАНУШЫ ТАРАПЫНАН РЕТТЕЛЕТІН ПАРАМЕТРЛЕР МӘЗІРІ) ішінде a10: Store by orientation (Бағдар бойынша сақтау) үшін Focus point and AF-area mode (Фокустау нүктесі және АФ аумағының режимі) таңдалған кезде фотокамера «кең» (пейзаждық) және «тік» (портреттік) бағдарлар арасында бұрылса, фокустау нүктелері көріністапқышта қалай көрсетілетіні өзгертілді. Сондай-ақ, біз CUSTOM SETTING MENU (ҚОЛДАНУШЫ ПАРАМЕТРЛЕРІНІҢ МӘЗІРІ) ішінде f19: Lens focus function buttons (Объективтің фокустау функциясының түймешіктері) үшін AF-area mode (АФ аумағының режимі) таңдалып, объективтің фокустау функциясының түймешігі басылса, фокустау нүктелері көріністапқышта қалай көрсетілетінін өзгерттік.
  • • Келесі мәселелер шешілді:
    • - Үздіксіз суретке түсіру режимінде суретке түсіру алдында қолданушы AF-ON түймешігін пайдаланып фокустаған болса, кадр жылдамдығы келесі жағдайларда төмендейтін: фокустау режимі ретінде AF-S таңдалған, АФ аумағының режимі ретінде жалғыз нүктелі АФ таңдалған, әрі CUSTOM SETTING MENU (ҚОЛДАНУШЫ ПАРАМЕТРЛЕРІНІҢ МӘЗІРІ) ішінде a2: AF-S priority selection (AF-S басымдығын таңдау) үшін Focus (Фокустау) таңдалған және a4: AF activation (АФ белсендіру) үшін AF-ON only (Тек AF-ON) таңдалған.
    • - AF-S NIKKOR 800mm f/5.6E FL ED VR объективі жалғанған кезде кейбір экспозиция жағдайларында жоғарғы басқару панелінде «Err» жазуы көрсетілетін және суреттерді түсіру мүмкін болмайтын.
    • - Жад картасына қатынасу шамы жанып тұрғанда ойнатуды масштабтау пайдаланылса, кескіндер кейде дұрыс көрсетілмейтін.
    • - WR-1 қосымша сымсыз қашықтан басқару бөлігі PLAYBACK MENU (ОЙНАТУ МӘЗІРІ) ішінде Image review (Кескінді тексере қарау) үшін On (Қосулы) күйі таңдалып пайдаланылса, кескіндер дисплейден кетпейтін.
    • - Фотокамера қашықтық басымдығы бар қолмен реттелетін (GN) режимде қосымша жарқыл бөлігімен түсірілген суреттер үшін дұрыс ауқымды көрсетпейтін.
    • - PC-E объективін пайдаланып түсірілген суреттерді Capture NX-D және басқа Nikon бағдарламалық жасақтамасында көргенде metadata (метадеректерде) объектив D түрі емес, E түрі ретінде көрсетілетін.
    • - Silent (Дыбыссыз) ысырманы босату параметрімен түсірілген бейнефильмдерге, бейнефильм суреттеріне және фотосуреттерге арналған фотосурет туралы мәлімет дисплейі кейде ысырма жылдамдығы, апертура және ISO сезімталдық үшін дұрыс емес мәндерді көрсететін.
    • - Фотокамера HDMI арқылы 4K үйлесімді теледидарға жалғанған болса, фотокамера да, теледидар да мәзірлерді дұрыс көрсетпейтін.
    • - Бейнефильм ойнату кезінде индикаторлар жасырын болса, кейде дыбыс деңгейін реттеу мүмкін болмайтын (None (image only) (Жоқ (тек кескін))).
    • - Компьютерге қосулы кезде фотокамераға XQD және CompactFlash карталарының екеуі де салынған болса, компьютер XQD картасын танымайтын.
  • • Біраз анықтама мәтіні өзгертілді.

* Қосымша ақпарат қосымша нұсқаулықта қол жетімді.

«C» бағдарлама жасақтамасының нұсқасын 1.01 дегеннен 1.10 дегенге өзгертеді
  • • AF-S NIKKOR 400mm f/2.8E FL ED VR объективі жалғанған кезде дірілді азайту үшін SPORT режимін таңдау енді үздіксіз суретке түсіру режимінде кадрдың ілгерілеу жылдамдығына әсер етпейді. Жылдамдық енді дірілді азайту OFF күйінде болғандағымен бірдей болып қалады.
  • • Сыйымдылықтары 128 ГБ-тан асатын жад карталары фотокамерада пішімделгенде енді exFAT файлдық жүйесі FAT 32 файлдық жүйесінің орнына пайдаланылады.
  • • Бейнефильм тікелей көрінісі кезінде мәзірлер көрсетілгенде бейнефильмді жазу түймешігін басу енді мәзірлерді жабады және бейнефильм тікелей көрінісін жалғастырады. Жазуды бастау үшін бейнефильмді жазу түймешігін қайта басыңыз.
  • Zoom on/off (Масштабтауды қосу/өшіру) параметрі f1 (Multi-selector center button (Мульти селектордың ортаңғы түймешігі)) > Playback mode (Ойнату режимі) қолданушы параметрі үшін таңдалған кезде фокустау нүктесінің өзі көрсетілмегенімен, енді мульти селектордың ортасын тікелей көріністе таңдалған фокустау нүктесінде ұлғайту үшін пайдалануға болады.
  • • f19 (Lens focus function buttons (Объективтің фокустау функциясының түймешіктері)) > Preset focus point (Алдын-ала орнатылған фокустау нүктесі) параметрінің анықтама мәтіні жақсартылды.
  • • Келесі мәселелер шешілді:
    • - SHOOTING MENU (СУРЕТКЕ ТҮСІРУ МӘЗІРІ) ішінде NEF (RAW) recording (NEF (RAW) жазу) > Image size (Кескін өлшемі) үшін Small (Кішкентай) таңдалған кезде үздіксіз суретке түсіру режимінде жад буферінде қалған ретінде көрсетілетін түсірілімдер саны (C-REM) NEF (RAW) recording (NEF (RAW) жазу) > NEF (RAW) bit depth (NEF (RAW) түс қалыңдығы) үшін таңдалған параметрге қарай өзгеріп отыратын.
    • - SHOOTING MENU (СУРЕТКЕ ТҮСІРУ МӘЗІРІ) ішінде Secondary slot function (Қосымша ұяшықтың функциясы) Overflow (Толық кету) таңдалған болса және Camera Control Pro 2 ішінде Destination (Межелі орын) үшін PC + CARD таңдалған болса, негізгі ұяшықтағы карта толғанда ысырманы босату өшіріледі.
    • - PLAYBACK MENU (ОЙНАТУ МӘЗІРІ) ішінде Image review (Кескінді тексере қарау) үшін On (Қосулы) күйін таңдау арқылы кескінді тексере қарау қосылған-қосылмағанына қарамастан, күту режимінің таймерінің мерзімі біткеннен кейін ысырма босатылса, кескін көрсетілмейтін еді.
    • - HDMI арқылы толық өлшемде ойнатылатын кескіндер ұлғайтылмаған кезде төмен ажыратымдылықпен көрсетілетін.
    • - Бұрмалануды автоматты басқарудың әсерлері кескінді тексере қарау кезінде көрінбейтін. Бұл суреттер SHOOTING MENU (СУРЕТКЕ ТҮСІРУ МӘЗІРІ) ішінде Auto distortion control (Бұрмалануды автоматты басқару) үшін On (Қосулы) күйі таңдалып түсірілген кезде PLAYBACK MENU (ОЙНАТУ МӘЗІРІ) ішінде Image review (Кескінді тексере қарау) үшін On (Қосулы) күйі таңдалса қолданылатын еді.
    • - PLAYBACK MENU (ОЙНАТУ МӘЗІРІ) ішінде Image review (Кескінді тексере қарау) үшін On (Қосулы) күйі таңдалып және SHOOTING MENU (СУРЕТКЕ ТҮСІРУ МӘЗІРІ) ішінде Auto distortion control (Бұрмалануды автоматты басқару) үшін On (Қосулы) күйі таңдалып түсірілген бірнеше экспозицияда бұрмалануды автоматты басқарудың әсерлері көрінбейтін.
    • - Аңғартпасы бар кескіннен ақ түс балансын көшіру үшін White balance (Ақ түс балансы) > Preset manual (Алдын-ала қолмен енгізілген мән) параметрін пайдалану аңғартпаның 24 таңбасының ғана таңдалған алдын-ала енгізілген мәнге көшірілуіне әкелетін.
    • - SETUP MENU (БАПТАУ МӘЗІРІ) ішінде Network (Желі) > Choose hardware (Жабдықты таңдау) үшін Wired LAN (Сымды жергілікті желі) таңдалған болса және Connection wizard (Қосылым шебері) ішінде FTP upload (FTP арқылы кері жүктеу) таңдалған кезде IP мекенжайы үшін Obtain automatically (Автоматты түрде алу) таңдалған болса, FTP серверіне кіру сәтсіз аяқталғаннан кейін мекенжайды автоматты түрде тағайындауды таңдау IP мекенжайының 000.000.000.000 мәніне қалпына келтірілуіне әкелетін еді.
    • - SETUP MENU (БАПТАУ МӘЗІРІ) ішінде HDMI > Output resolution (Шығыс ажыратымдылық) үшін 1080p (progressive) (1080p (прогрессивті)) таңдалған болса, 30p, 25p немесе 24p кадр жылдамдықтары бар бейнефильмдер HDMI арқылы қосылған теледидарларда дұрыс көрсетілмейтін еді.
    • - IPTC алдын-ала енгізілген мәндерін фотокамераға көшіру: қос байттық таңбаларды қамтитын профиль бар файлды алдын ала қарау фотокамераның қатып қалуына әкелетін еді.
    • - My Menu (Менің мәзірім) тармағына элементтер қосу: фотокамера OK жазуын тіпті Add items (Элементтер қосу) тармағында қазіргі уақытта белгіленген параметрді My Menu (Менің мәзірім) тармағына қосу мүмкін болмаса да көрсететін еді.
    • - SETUP MENU (БАПТАУ МӘЗІРІ) ішінде Language (Тіл) үшін عربي (Араб) таңдалған болса, кейбір мәзірлерде белгішелер немесе таңбалар қабаттасатын еді, я болмаса, таңбалар тым оң жақта көрсетілетін еді.
«C» бағдарлама жасақтамасының нұсқасын 1.00 дегеннен 1.01 дегенге өзгертеді
  • • Егер f1 (Multi-selector center button (Мульти селектордың ортаңғы түймешігі)) > Playback mode (Ойнату режимі) қолданушы параметрі үшін View histograms (Гистограммаларды көру) таңдалған болса, кескін Image quality (Кескін сапасы) үшін NEF (RAW) + JPEG fine (NEF (RAW) + JPEG сапалы), NEF (RAW) + JPEG normal (NEF (RAW) + JPEG қалыпты) немесе NEF (RAW) + JPEG basic (NEF (RAW) + JPEG стандартты) таңдалып жазылған болса және шолу немесе RGB гистограммасынан басқа фотосурет туралы мәлімет дисплейі таңдалған болса, ойнату кезінде мульти селектордың ортасын басу қажет нәтижелерді бермейтін. Бұл мәселе шешілді.
  • • Белгіленген тұс және RGB гистограммасы дисплейлерінің жыпылықтайтын белгіленген тұстарға жауап ретінде қанығуына әкелетін мәселе шешілді.
  • Color space (Түс кеңістігі) үшін Adobe RGB таңдалып жазылған кескіндер ұлғайтылғанда қанығудың өзгеруіне әкелген мәселе шешілді.
  • PLAYBACK MENU (ОЙНАТУ МӘЗІРІ) ішінде Rotate tall (Тік кескіндерді бұру) үшін On (Қосулы) күйі таңдалып, портреттік бағдардағы кескіндер бір немесе екі қадаммен ұлғайтылғанда анықтықтың төмендеуін тудырған мәселе шешілді.
  • • Фотосуреттер алдымен «сығымдалған», содан кейін «шығынсыз емес сығымдалу» параметрлерін пайдаланып түсірілгенде Image quality (Кескін сапасы) үшін NEF (RAW) таңдалып түсірілген NEF (RAW) пішіміндегі кескіндердің кейде дұрыс жазылмауына әкелген мәселе шешілді.
Фотокамера бағдарлама жасақтамасының нұсқасын көру
  1. Фотокамераны қосыңыз.
  2. Фотокамераның бағдарлама жасақтамасының нұсқасын көрсету үшін фотокамераның MENU түймешігін басыңыз және SETUP MENU (БАПТАУ МӘЗІРІ) ішінде Firmware version (Бағдарлама жасақтамасының нұсқасы) тармағын таңдаңыз.
  3. Фотокамераның бағдарлама жасақтамасының нұсқасын тексеріңіз.
  4. Фотокамераны өшіріңіз.
Өнім сипаттамасы
Аты D4S «C» бағдарлама жасақтамасының 1.33 нұсқасы
Қолдау көрсетілетін фотокамералар D4S
Қолдау көрсетілетін фотокамера бағдарлама жасақтамасының нұсқалары «C» бағдарлама жасақтамасының 1.00–1.32 нұсқалары
Файл атауы F-D4S-V133W.exe
Жүйелік талаптар
  • Microsoft Windows 10 Home
  • Microsoft Windows 10 Pro
  • Microsoft Windows 10 Enterprise
  • Microsoft Windows 8.1
  • Microsoft Windows 8.1 Pro
  • Microsoft Windows 8.1 Enterprise
  • Microsoft Windows 7 Home Basic
  • Microsoft Windows 7 Home Premium
  • Microsoft Windows 7 Professional
  • Microsoft Windows 7 Enterprise
  • Microsoft Windows 7 Ultimate
Ескертпе: жад картасын оқу құралы немесе ішіне орнатылған жад картасының ұяшығы бар компьютер қажет.
Авторлық құқық Nikon корпорациясы
Мұрағат түрі Өздігінен шығарып алынатын
Көшіру Рұқсат етілмеген
Фотокамераның бағдарлама жасақтамасын жаңарту
  1. Компьютердің қатты дискінде қалта жасап, қалағаныңызша атаңыз.
  2. F-D4S-V133W.exe файлын 1-қадамда жасалған қалтаға жүктеңіз.
  3. Келесі файлды «D4SUpdate» атты қалтаға шығарып алу үшін F-D4S-V133W.exe файлын іске қосыңыз:
    • D4S_0133.bin (фотокамераның бағдарлама жасақтамасы)
  4. Карта ұяшығын немесе жад картасын оқу құралын пайдаланып, «D4S_0133.bin» файлын фотокамерада пішімделген жад картасына көшіріңіз.
  5. Жад картасын фотокамераның негізгі ұяшығына салып, фотокамераны қосыңыз.
  6. SETUP MENU (БАПТАУ МӘЗІРІ) ішінде Network (Желі) тармағын таңдаңыз және Disable (Өшіру) күйі Network connection (Желілік байланыс) үшін таңдалғанына көз жеткізіңіз.
  7. SETUP MENU (БАПТАУ МӘЗІРІ) ішінде Firmware version (Бағдарлама жасақтамасының нұсқасы) тармағын таңдаңыз және бағдарлама жасақтамасының жаңартылуын аяқтау үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
  8. Жаңарту аяқталғаннан кейін фотокамераны өшіріңіз және жад картасын алыңыз.
  9. Бағдарлама жасақтамасы жаңа нұсқаға жаңартылғанына көз жеткізіңіз.

Ескертпе: егжей-тегжейлі нұсқаулар немесе жаңартуды аяқтау үшін қажет жабдық туралы ақпарат алу үшін келесі pdf файлын жүктеңіз:
DSLR_Firmup_Win_En.pdf (PDF) (0,21 МБ)

Ескертпе: сіз үшін жаңартуды Nikon компаниясының қызмет көрсету өкілі орындай алады.

Өнім сипаттамасы
Аты D4S «C» бағдарлама жасақтамасының 1.33 нұсқасы
Қолдау көрсетілетін фотокамералар D4S
Қолдау көрсетілетін фотокамера бағдарлама жасақтамасының нұсқалары «C» бағдарлама жасақтамасының 1.00–1.32 нұсқалары
Файл атауы F-D4S-V133M.dmg
Жүйелік талаптар
  • macOS High Sierra 10.13 нұсқасы
  • macOS Sierra 10.12 нұсқасы
  • OS X 10.11.6
  • OS X 10.10.5
  • OS X 10.9.5
  • OS X 10.8.5
  • OS X 10.7.5
  • Mac OS X 10.6.8
Ескертпе: жад картасын оқу құралы немесе ішіне орнатылған жад картасының ұяшығы бар компьютер қажет.
Авторлық құқық Nikon корпорациясы
Мұрағат түрі Өздігінен шығарып алынатын
Көшіру Рұқсат етілмеген
Фотокамераның бағдарлама жасақтамасын жаңарту
  1. F-D4S-V133M.dmg файлын жүктеңіз.
  2. «D4SUpdate» атты қалтаны қамтитын диск кескінін бекіту үшін F-D4S-V133M.dmg белгішесін екі рет басыңыз. Бұл қалта өз кезегінде келесі файлды қамтиды:
    • D4S_0133.bin (фотокамераның бағдарлама жасақтамасы)
  3. Карта ұяшығын немесе жад картасын оқу құралын пайдаланып, «D4S_0133.bin» файлын фотокамерада пішімделген жад картасына көшіріңіз.
  4. Жад картасын фотокамераның негізгі ұяшығына салып, фотокамераны қосыңыз.
  5. SETUP MENU (БАПТАУ МӘЗІРІ) ішінде Network (Желі) тармағын таңдаңыз және Disable (Өшіру) күйі Network connection (Желілік байланыс) үшін таңдалғанына көз жеткізіңіз.
  6. SETUP MENU (БАПТАУ МӘЗІРІ) ішінде Firmware version (Бағдарлама жасақтамасының нұсқасы) тармағын таңдаңыз және бағдарлама жасақтамасының жаңартылуын аяқтау үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
  7. Жаңарту аяқталғаннан кейін фотокамераны өшіріңіз және жад картасын алыңыз.
  8. Бағдарлама жасақтамасы жаңа нұсқаға жаңартылғанына көз жеткізіңіз.

Ескертпе: егжей-тегжейлі нұсқаулар немесе жаңартуды аяқтау үшін қажет жабдық туралы ақпарат алу үшін келесі pdf файлын жүктеңіз:
DSLR_Firmup_Mac_En.pdf (PDF) (0,17 МБ)

Ескертпе: сіз үшін жаңартуды Nikon компаниясының қызмет көрсету өкілі орындай алады.

Соңғы пайдаланушының лицензиялық келісімі

PDF файлдарын тегін Adobe® Reader® бағдарламалық жасақтамасын пайдаланып көруге болады.
Adobe® Reader® бағдарламасын жүктеңіз.