Қазақ

Құрылғыңыз бұл жүктеп алу қызметін қолдамағанымен, оны жүктеп алу туралы ақпаратты көру үшін пайдалануға болады. Жүктеп алуларға сілтемелер компьютерде жүктеп алу үшін электрондық пошта арқылы жіберіледі.

Nikon 1 V3 бағдарлама жасақтамасы

Операциялық жүйені таңдаңыз.

  • Windows
  • Mac OS

Бұл бағдарламалық жасақтаманың жаңартымы бағдарламасы жоғарыда көрсетілген тұтынушы өніміне («әсер етілетін өнім») арналған және тек төменде көрсетілген келісімді қабылдағанда ғана қамтамасыз етіледі. «Қабылдау» жауабын таңдасаңыз және «Жүктеу» түймесін бассаңыз, сіз келісімнің шарттарын және талаптарын қабылдадыңыз деп есептеледі. Жүктеуді бастау алдында келісімнің шарттарын түсінетініңізге көз жеткізіңіз.

  • • Бұл қызмет Nikon 1 V3 фотокамерасының «C» бағдарлама жасақтамасын 1.12 нұсқасына жаңарту үшін пайдалануға болатын бағдарламалық жасақтаманы қамтамасыз етеді. Жалғастыру алдында Setup (Баптау) мәзірінде Firmware version (Бағдарлама жасақтамасының нұсқасы) тармағын таңдап, фотокамераның бағдарлама жасақтамасының нұсқасын қараңыз. Жоғарыда көрсетілген бағдарлама жасақтамасы орнатылып қойған болса, бұл жаңартуды жүктеу немесе орнату қажет емес.
  • • Жалғастыру алдында төмендегі ақпаратты оқыңыз.
«C» бағдарлама жасақтамасының нұсқасын 1.11 дегеннен 1.12 дегенге өзгертеді
  • • DF-N1000 электрондық көріністапқыштарында Auto power off (Авто қуатты өшіру) функциясының күтілгендей жұмыс істемеуіне әкелген мәселе шешілді.
Алдыңғы нұсқалардан бергі өзгертулер
«C» бағдарлама жасақтамасының нұсқасын 1.10 дегеннен 1.11 дегенге өзгертеді
  • • Фотокамера GP-N100 GPS құрылғысы жалғанған күйде өшірулі кезде немесе ұйқы режимінде болғанда фотокамера батареясының көбірек кемуін тудырған мәселе шешілді.
«C» бағдарлама жасақтамасының нұсқасын 1.00 дегеннен 1.10 дегенге өзгертеді
  • • Қазір Camera Control Pro 2 бағдарламалық жасақтамасының 2.22.0 нұсқасына қолдау көрсетіледі. Бұл келесі әрекеттерді орындауға мүмкіндік береді:
    • - Қосылған фотокамералардың параметрлерін Camera Control Pro 2 ішінен реттеуге болады.
    • - Енді Camera Control Pro 2 Live View (Тікелей көрініс) терезесін фотосурет түсіру және бейнефильм жазу, сонымен бірге, АФ аумағын таңдау және фотокамера параметрлерін таңдау үшін пайдалануға болады.
    • - Camera Control Pro 2 енді ең жақсы сәтті түсіруді қолдайды.
Ескерту: бағдарлама жасақтамасының жаңартымы орындалуда
Бағдарлама жасақтамасын жаңарту фотокамера сағатын қалпына келтіруі мүмкін. Сағатты Setup (Баптау) мәзіріндегі Time zone and date (Уақыт белдеуі және күн) параметрін пайдаланып дұрыс күн мен уақытқа орнатуға болады.
Фотокамера бағдарлама жасақтамасының нұсқасын көру
  1. Фотокамераны қосыңыз.
  2. Фотокамераның бағдарлама жасақтамасының нұсқасын көрсету үшін фотокамераның MENU түймешігін басыңыз және Setup (Баптау) ішінде Firmware version (Бағдарлама жасақтамасының нұсқасы) тармағын таңдаңыз.
  3. Фотокамераның бағдарлама жасақтамасының нұсқасын тексеріңіз.
  4. Фотокамераны өшіріңіз.
Өнім сипаттамасы
Аты Nikon 1 V3 «C» бағдарлама жасақтамасының 1.12 нұсқасы
Қолдау көрсетілетін фотокамералар Nikon 1 V3
Қолдау көрсетілетін фотокамера бағдарлама жасақтамасының нұсқалары «C» бағдарлама жасақтамасының 1.00–1.11 нұсқалары
Файл атауы F-V3-V112W.exe
Жүйелік талаптар
  • Microsoft Windows 10 Home
  • Microsoft Windows 10 Pro
  • Microsoft Windows 10 Enterprise
  • Microsoft Windows 8.1
  • Microsoft Windows 8.1 Pro
  • Microsoft Windows 8.1 Enterprise
  • Microsoft Windows 7 Home Basic
  • Microsoft Windows 7 Home Premium
  • Microsoft Windows 7 Professional
  • Microsoft Windows 7 Enterprise
  • Microsoft Windows 7 Ultimate
Ескертпе: жад картасын оқу құралы немесе ішіне орнатылған жад картасының ұяшығы бар компьютер қажет.
Авторлық құқық Nikon корпорациясы
Мұрағат түрі Өздігінен шығарып алынатын
Көшіру Рұқсат етілмеген
Фотокамераның бағдарлама жасақтамасын жаңарту
  1. Компьютердің қатты дискінде қалта жасап, қалағаныңызша атаңыз.
  2. F-V3-V112W.exe файлын 1-қадамда жасалған қалтаға жүктеңіз.
  3. Келесі файлды «V3Update» атты қалтаға шығарып алу үшін F-V3-V112W.exe файлын іске қосыңыз:
    • V3__0112.bin (фотокамераның бағдарлама жасақтамасы)
  4. Карта ұяшығын немесе жад картасын оқу құралын пайдаланып, «V3__0112.bin» файлын фотокамерада пішімделген жад картасына көшіріңіз.
  5. Жад картасын фотокамераның жад картасы ұяшығына салып, фотокамераны қосыңыз.
  6. Setup (Баптау) ішінде Firmware version (Бағдарлама жасақтамасының нұсқасы) тармағын таңдаңыз және бағдарлама жасақтамасының жаңартылуын аяқтау үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
  7. Жаңарту аяқталғаннан кейін фотокамераны өшіріңіз және жад картасын алыңыз.
  8. Бағдарлама жасақтамасы жаңа нұсқаға жаңартылғанына көз жеткізіңіз.

Ескертпе: егжей-тегжейлі нұсқаулар немесе жаңартуды аяқтау үшін қажет жабдық туралы ақпарат алу үшін келесі pdf файлын жүктеңіз:
Nikon1_Firmup_Win_En.pdf (PDF) (0,18 MB)

Ескертпе: сіз үшін жаңартуды Nikon компаниясының қызмет көрсету өкілі орындай алады.

Өнім сипаттамасы
Аты Nikon 1 V3 «C» бағдарлама жасақтамасының 1.12 нұсқасы
Қолдау көрсетілетін фотокамералар Nikon 1 V3
Қолдау көрсетілетін фотокамера бағдарлама жасақтамасының нұсқалары «C» бағдарлама жасақтамасының 1.00–1.11 нұсқалары
Файл атауы F-V3-V112M.dmg
Жүйелік талаптар
  • macOS High Sierra 10.13 нұсқасы
  • macOS Sierra 10.12 нұсқасы
  • OS X 10.11.6
  • OS X 10.10.5
  • OS X 10.9.5
  • OS X 10.8.5
  • OS X 10.7.5
  • Mac OS X 10.6.8
Ескертпе: жад картасын оқу құралы немесе ішіне орнатылған жад картасының ұяшығы бар компьютер қажет.
Авторлық құқық Nikon корпорациясы
Мұрағат түрі Өздігінен шығарып алынатын
Көшіру Рұқсат етілмеген
Фотокамераның бағдарлама жасақтамасын жаңарту
  1. F-V3-V112M.dmg файлын жүктеңіз.
  2. «V3Update» атты қалтаны қамтитын диск кескінін бекіту үшін F-V3-V112M.dmg белгішесін екі рет басыңыз. Бұл қалта өз кезегінде келесі файлды қамтиды:
    • V3__0112.bin (фотокамераның бағдарлама жасақтамасы)
  3. Карта ұяшығын немесе жад картасын оқу құралын пайдаланып, «V3__0112.bin» файлын фотокамерада пішімделген жад картасына көшіріңіз.
  4. Жад картасын фотокамераның жад картасы ұяшығына салып, фотокамераны қосыңыз.
  5. Setup (Баптау) ішінде Firmware version (Бағдарлама жасақтамасының нұсқасы) тармағын таңдаңыз және бағдарлама жасақтамасының жаңартылуын аяқтау үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
  6. Жаңарту аяқталғаннан кейін фотокамераны өшіріңіз және жад картасын алыңыз.
  7. Бағдарлама жасақтамасы жаңа нұсқаға жаңартылғанына көз жеткізіңіз.

Ескертпе: егжей-тегжейлі нұсқаулар немесе жаңартуды аяқтау үшін қажет жабдық туралы ақпарат алу үшін келесі pdf файлын жүктеңіз:
Nikon1_Firmup_Mac_En.pdf (PDF) (0,13 MB)

Ескертпе: сіз үшін жаңартуды Nikon компаниясының қызмет көрсету өкілі орындай алады.

Соңғы пайдаланушының лицензиялық келісімі

PDF файлдарын тегін Adobe® Reader® бағдарламалық жасақтамасын пайдаланып көруге болады.
Adobe® Reader® бағдарламасын жүктеңіз.