Қазақ

Құрылғыңыз бұл жүктеп алу қызметін қолдамағанымен, оны жүктеп алу туралы ақпаратты көру үшін пайдалануға болады. Жүктеп алуларға сілтемелер компьютерде жүктеп алу үшін электрондық пошта арқылы жіберіледі.

Nikon 1 V2 бағдарлама жасақтамасы

Операциялық жүйені таңдаңыз.

  • Windows
  • Mac OS

Бұл бағдарламалық жасақтаманың жаңартымы бағдарламасы жоғарыда көрсетілген тұтынушы өніміне («әсер етілетін өнім») арналған және тек төменде көрсетілген келісімді қабылдағанда ғана қамтамасыз етіледі. «Қабылдау» жауабын таңдасаңыз және «Жүктеу» түймесін бассаңыз, сіз келісімнің шарттарын және талаптарын қабылдадыңыз деп есептеледі. Жүктеуді бастау алдында келісімнің шарттарын түсінетініңізге көз жеткізіңіз.

  • • Бұл қызмет Nikon 1 V2 фотокамерасының бағдарламаа жасақтамасының «A» нұсқасын 1.22 нұсқасына және «B» нұсқасын 1.21 нұсқасына жаңарту үшін пайдалануға болатын бағдарламалық құралды қамтамасыз етеді. Жаңартуда «A» және «B» бағдарлама жасақтамаларының екеуінде де бір уақытта орындауға болады. Жалғастыру алдында SET_UP (Setup (Баптау)) мәзірінде Firmware version (Бағдарлама жасақтамасының нұсқасы) тармағын таңдап, фотокамераның бағдарлама жасақтамасының нұсқасын қараңыз. Жоғарыда көрсетілген бағдарлама жасақтамасы орнатылып қойылған болса, бұл жаңартуды жүктеу немесе орнату қажет емес.
  • • Жалғастыру алдында төмендегі ақпаратты оқыңыз.
«A»/«B» бағдарлама жасақтамасының 1.21 нұсқасын «A» бағдарлама жасақтамасының 1.22 нұсқасына/«B» бағдарлама жасақтамасының 1.21 нұсқасына өзгертеді
  • • Фотокамераның GP-N100 GPS құрылғылары арқылы алынған орын деректерін дұрыс көрсетуіне кедергі келтірген мәселе шешілді.
Алдыңғы нұсқалардан бергі өзгертулер
«A»/«B» бағдарлама жасақтамасының 1.20 нұсқасын 1.21 нұсқасына өзгертеді
  • • Бейнефильмдер Eye-Fi картасына жазылып жатқанда бейнефильм жазуды аяқтау үшін бейнефильмді жазу түймешігінен басқа басқару тетігі пайдаланылса, Eye-Fi сымсыз кері жүктеудің тоқтауына әкелетін мәселе шешілді.
«A»/«B» бағдарлама жасақтамасының 1.10 нұсқасын 1.20 нұсқасына өзгертеді
  • • 1 NIKKOR VR 70-300mm f/4.5-5.6 объективтерінде фокустау шектеуі қосқышын қолдау қосылды. Бұл жаңарту орындалғаннан кейін FT1 «L» бағдарлама жасақтамасының 1.10 немесе бұрынғы нұсқасында автофокус енді қолжетімді болмайтынын ескеріңіз. FT1 пайдаланушылары «L» бағдарлама жасақтамасының 1.20 нұсқасына жаңартуға келісулері керек.
  • • FT1 арқылы 15 кадр/сек жылдамдықпен түсірілген фотосуреттердің жарық көзінде кем ұсталуына әкелген мәселе шешілді.
  • • Lexar UHS-I SD картасын салғанда кейде картаға қатынасу қатесінің көрсетілуіне әкелген мәселе шешілді.
  • • Фотокамераны DSA-N1 дигископтық адаптерімен немесе FT1 орнату адаптерімен бірге пайдаланғанда MF (Manual focus (Қолмен реттелетін фокус)) режимінде WU-1b сымсыз мобильді адаптері арқылы қашықтан фотосурет түсіруді қолжетімсіз ететін мәселе шешілді.
  • Motion_snapshot.png (Motion Snapshot (Қозғалыстың лездік суреті)) режимінде Leave_Scene.png (Scene auto selector (Көріністің авто селекторы)) параметрі Exposure mode (Экспозиция режимі) үшін таңдалғанда түсірілген фотосуреттерге экспозиция түзетілімінің қолданылмауына әкелген мәселе шешілді.
  • • Wireless Mobile Utility қолданбасының және PTP-IP арқылы қосылған басқа қолданбалардың қалта нөмірі 256-ден жоғарырақ қалталардағы MOV файлдарына қатынасуын болдырмаған мәселе шешілді.
«A»/«B» бағдарлама жасақтамасының 1.00 нұсқасын 1.10 нұсқасына өзгертеді
  • • Енді 1 NIKKOR объективтерінің бағдарлама жасақтамасын қалыпты жаңартуға болады.
  • • FT1 орнату адаптері арқылы қосылған AF-S объективтері бар AF-C (Continuous AF (Үздіксіз АФ)) режимін қолдау қосылды. Бұл мүмкіндікке тек FT1 бағдарлама жасақтамасының 1.10 нұсқасынан бастап қолдау көрсетілетінін және оны пайдалану алдында адаптерді осы нұсқаға жаңарту керек екенін ескеріңіз. Бағдарлама жасақтамасын фотокамера және FT1 үшін жаңартып жатсаңыз, FT1 орнату адаптерінің бағдарлама жасақтамасын жаңарту алдында Nikon 1 V2 жаңартыңыз.
  • • Фокустау сақинасы бар 1 NIKKOR 32mm f/1.2 объективтерін қолдау қосылды.
  • MF (Manual focus (Қолмен реттелетін фокус)) масштаб дисплейіне 1x масштабтау қосылды.
  • • Авто, P, S, A және M режимдерінде электрондық көріністапқышта көрсету түзетілді.
  • • FT1 орнату адаптері арқылы қосылған AF-S объективін пайдаланып қатарынан түсіру (үздіксіз суретке түсіру) режимінде түсірілген фотосуреттерде жарық көзінде кем ұстауға әкелген мәселе шешілді.
  • • GP-N100 GPS құрылғысында Use GPS to set clock (Сағатты орнату үшін GPS функциясын пайдалану) үшін Yes (Иә) жауабын таңдау арқылы орнатылған кездегі сағаттың дәлдігі жақсартылды. Дегенмен, GPS хабарлайтын уақыттағы қателерді толығымен жою мүмкін емес екенін ескеріңіз. Бұл мүмкіндіктің артықшылығын пайдалану алдында GP-N100 бағдарлама жасақтамасын 1.02 нұсқасына жаңарту керек болады.
Ескерту: бағдарлама жасақтамасының жаңартымы орындалуда
Бағдарлама жасақтамасын жаңарту фотокамера сағатын қалпына келтіруі мүмкін. Сағатты SET_UP (Setup (Баптау)) мәзіріндегі Time zone and date (Уақыт белдеуі және күн) параметрін пайдаланып дұрыс күн мен уақытқа орнатуға болады.
Фотокамераның бағдарлама жасақтамасының нұсқасын көру
  1. Фотокамераны қосыңыз.
  2. Фотокамераның бағдарлама жасақтамасының нұсқасын көрсету үшін фотокамераның MENU түймешігін басыңыз және SET_UP (Setup (Баптау)) ішінде Firmware version (Бағдарлама жасақтамасының нұсқасы) тармағын таңдаңыз.
  3. Фотокамераның бағдарлама жасақтамасының «А» және «В» нұсқаларын тексеріңіз.
  4. Фотокамераны өшіріңіз.
Өнімнің сипаттамасы
Атау Nikon 1 V2 «A» бағдарлама жасақтамасының нұсқасы 1.22 және «B» бағдарлама жасақтамасының нұсқасы 1.21
Қолдау көрсетілетін фотокамералар Nikon 1 V2
Қолдау көрсетілетін фотокамера бағдарлама жасақтамасының нұсқалары «A» бағдарлама жасақтамасының нұсқалары 1.00–1.21, «B» бағдарлама жасақтамасының нұсқалары 1.00–1.21
Файл атауы F-V2-V122W.exe
Жүйелік талаптар
  • Microsoft Windows 10 Home
  • Microsoft Windows 10 Pro
  • Microsoft Windows 10 Enterprise
  • Microsoft Windows 8.1
  • Microsoft Windows 8.1 Pro
  • Microsoft Windows 8.1 Enterprise
  • Microsoft Windows 7 Home Basic
  • Microsoft Windows 7 Home Premium
  • Microsoft Windows 7 Professional
  • Microsoft Windows 7 Enterprise
  • Microsoft Windows 7 Ultimate
Ескертпе: жад картасын оқу құралы немесе кірістірілген жад картасының ұяшығы бар компьютер қажет.
Авторлық құқық Nikon корпорациясы
Мұрағат түрі Өздігінен шығарып алынатын
Репродукция Рұқсат етілмеген
Фотокамераның бағдарлама жасақтамасын жаңарту
  1. Компьютердің қатты дискінде қалта жасап, қажетінше атаңыз.
  2. «F-V2-V122W.exe» файлын 1-қадамда жасалған қалтаға жүктеңіз.
  3. Келесі файлды «V2Update» атты қалтаға шығарып алу үшін «F-V2-V122W.exe» файлын орындаңыз:
    • V2__0122.bin (фотокамераның бағдарлама жасақтамасы)
  4. Карта ұяшығын немесе жад картасын оқу құралын пайдаланып «V2__0122.bin» файлын фотокамерада пішімделген жад картасына көшіріңіз.
  5. Жад картасын фотокамераға салып, фотокамераны қосыңыз.
  6. SET_UP (Setup (Баптау)) ішінде Firmware version (Бағдарлама жасақтамасының нұсқасы) тармағын таңдаңыз және бағдарлама жасақтамасының жаңартылуын аяқтау үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
  7. Жаңарту аяқталғаннан кейін фотокамераны өшіріп, жад картасын алыңыз.
  8. Бағдарлама жасақтамасы жаңа нұсқаға жаңартылғанына көз жеткізіңіз.

Ескертпе: егжей-тегжейлі нұсқаулар немесе жаңартуды аяқтау үшін қажет жабдық туралы ақпарат алу үшін келесі pdf файлын жүктеңіз:
Nikon1_FirmUp_Win_En.pdf (PDF) (0,18 МБ)

Ескертпе: жаңартуды сіз үшін Nikon компаниясының қызмет көрсету өкілі орындай алады.

Өнімнің сипаттамасы
Атау Nikon 1 V2 «A» бағдарлама жасақтамасының нұсқасы 1.22 және «B» бағдарлама жасақтамасының нұсқасы 1.21
Қолдау көрсетілетін фотокамералар Nikon 1 V2
Қолдау көрсетілетін фотокамера бағдарлама жасақтамасының нұсқалары «A» бағдарлама жасақтамасының нұсқалары 1.00–1.21, «B» бағдарлама жасақтамасының нұсқалары 1.00–1.21
Файл атауы F-V2-V122M.dmg
Жүйелік талаптар
  • macOS High Sierra 10.13 нұсқасы
  • macOS Sierra 10.12 нұсқасы
  • OS X 10.11.6
  • OS X 10.10.5
  • OS X 10.9.5
  • OS X 10.8.5
  • OS X 10.7.5
  • Mac OS X 10.6.8
Ескертпе: жад картасын оқу құралы немесе кірістірілген жад картасының ұяшығы бар компьютер қажет.
Авторлық құқық Nikon корпорациясы
Мұрағат түрі Өздігінен шығарып алынатын
Репродукция Рұқсат етілмеген
Фотокамераның бағдарлама жасақтамасын жаңарту
  1. «F-V2-V122M.dmg» файлын жүктеңіз.
  2. «V2Update» атты қалтаны қамтитын диск кескінін бекіту үшін F-V2-V122M.dmg белгішесін екі рет басыңыз. Бұл қалта өз кезегінде келесі файлды қамтиды:
    • V2__0122.bin (фотокамераның бағдарлама жасақтамасы)
  3. Карта ұяшығын немесе жад картасын оқу құралын пайдаланып «V2__0122.bin» файлын фотокамерада пішімделген жад картасына көшіріңіз.
  4. Жад картасын фотокамераға салып, фотокамераны қосыңыз.
  5. SET_UP (Setup (Баптау)) ішінде Firmware version (Бағдарлама жасақтамасының нұсқасы) тармағын таңдаңыз және бағдарлама жасақтамасының жаңартылуын аяқтау үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
  6. Жаңарту аяқталғаннан кейін фотокамераны өшіріп, жад картасын алыңыз.
  7. Бағдарлама жасақтамасы жаңа нұсқаға жаңартылғанына көз жеткізіңіз.

Ескертпе: егжей-тегжейлі нұсқаулар немесе жаңартуды аяқтау үшін қажет жабдық туралы ақпарат алу үшін келесі pdf файлын жүктеңіз:
Nikon1_FirmUp_Mac_En.pdf (PDF) (0,13 МБ)

Ескертпе: жаңартуды сіз үшін Nikon компаниясының қызмет көрсету өкілі орындай алады.

Соңғы пайдаланушының лицензиялық келісімі

PDF файлдарын тегін Adobe® Reader® бағдарламалық жасақтамасын пайдаланып көруге болады.
Adobe® Reader® бағдарламасын жүктеңіз.