Қазақ

Құрылғыңыз бұл жүктеп алу қызметін қолдамағанымен, оны жүктеп алу туралы ақпаратты көру үшін пайдалануға болады. Жүктеп алуларға сілтемелер компьютерде жүктеп алу үшін электрондық пошта арқылы жіберіледі.

D5500 бағдарлама жасақтамасы

Операциялық жүйені таңдаңыз.

  • Windows
  • Mac OS

Бұл бағдарламалық жасақтаманың жаңартымы бағдарламасы жоғарыда көрсетілген тұтынушы өніміне («әсер етілетін өнім») арналған және тек төменде көрсетілген келісімді қабылдағанда ғана қамтамасыз етіледі. «Қабылдау» жауабын таңдасаңыз және «Жүктеу» түймесін бассаңыз, сіз келісімнің шарттарын және талаптарын қабылдадыңыз деп есептеледі. Жүктеуді бастау алдында келісімнің шарттарын түсінетініңізге көз жеткізіңіз.

  • • Бұл қызмет D5500 фотокамерасының «C» бағдарлама жасақтамасын 1.02 нұсқасына жаңарту үшін пайдалануға болатын бағдарламалық жасақтаманы қамтамасыз етеді. Жалғастыру алдында фотокамераның SETUP MENU (БАПТАУ МӘЗІРІ) ішінде Firmware version (Бағдарлама жасақтамасының нұсқасы) тармағын таңдап, фотокамераның бағдарлама жасақтамасының нұсқасын қараңыз. Жоғарыда көрсетілген бағдарлама жасақтамасы орнатылып қойған болса, бұл жаңартуды жүктеу немесе орнату қажет емес.
  • • Жалғастыру алдында төмендегі ақпаратты оқыңыз.
«C» бағдарлама жасақтамасының нұсқасын 1.01 дегеннен 1.02 дегенге өзгертеді
  • • Келесі мәселелер шешілді:
    • - MY MENU (МЕНІҢ МӘЗІРІМ) ішінде Add items (Элементтер қосу) > CUSTOM SETTING MENU (ҚОЛДАНУШЫ ПАРАМЕТРЛЕРІНІҢ МӘЗІРІ) > c Timers/AE lock (Таймерлер/АЭ құлпы) тармағы таңдалған күйде мульти селектордың оң жағын басқанда фотокамера жауап беруін тоқтататын.
    • - SB-800 жарқыл бөлігі жалғанған күйде автофокус пайдаланылса, тікелей көріністің сенсорлы қосылатын ысырманы басқару элементтерін пайдаланғанда ысырма кейде босатылмайтын.
    • - Автофокусты да, апертураны электрондық жолмен басқаруды да қолдайтын объективтермен (E түріне жататын объективтер) тікелей көрініс кезінде түсірілген фотосуреттерде кейде оңтайлы экспозицияға қол жетпейтін.
    • - Көріністапқыш арқылы фотосурет түсіру кезінде кескінді тексере қарау қосылса, қолданушы суретке түсіруден кейін көріністапқыштан көзін алғанда фотокамера кейде соңғы суреттің орнына түсірілім мәліметін көрсететін.
    • - Режимді таңдау дискі басқа параметрге айналдырылғаннан кейін фотокамера кейде CUSTOM SETTING MENU (ҚОЛДАНУШЫ ПАРАМЕТРЛЕРІНІҢ МӘЗІРІ) ішінде a Autofocus (Автофокус) > a3 Built-in AF-assist illuminator (Кірістірілген АФ қосымша шамы) үшін таңдалған параметрді сақтамайтын.

Ескертпе
Осы бағдарлама жасақтамасы орнатылғаннан кейін Camera Control Pro 2 бағдарламасының 2.22.0 және ертерек нұсқаларының Windows шығарылымы енді фотокамераны анықтай алмайды. 2.23.0 немесе одан кейінгі нұсқаға жаңартыңыз.

Алдыңғы нұсқалардан бергі өзгертулер
«C» бағдарлама жасақтамасының нұсқасын 1.00 дегеннен 1.01 дегенге өзгертеді
  • • Енді AF-P DX NIKKOR 18–55mm f/3.5–5.6G VR және AF-P DX NIKKOR 18–55mm f/3.5–5.6G объективтеріне қолдау көрсетіледі. Дірілді азайтуды AF-P DX NIKKOR 18–55mm f/3.5–5.6G VR объективін жалғағанда фотосурет түсіру мәзіріндегі фотосурет SHOOTING MENU (ТҮСІРУ МӘЗІРІ) ішіндегі Optical VR (Оптикалық ДА) жаңа параметрін пайдаланып қосуға немесе өшіруге болады. CUSTOM SETTING MENU (ҚОЛДАНУШЫ ПАРАМЕТРЛЕРІНІҢ МӘЗІРІ) енді AF-P DX NIKKOR 18–55mm f/3.5–5.6G VR немесе AF-P DX NIKKOR 18–55mm f/3.5–5.6G жалғанғанда қосуға немесе өшіруге болатын a5 Manual focus ring in AF mode (a5 АФ режиміндегі қолмен реттелетін фокустау сақинасы) параметрін қамтиды.
  • • Келесі мәселелер шешілді:
    • - Бейнефильм тікелей көрінісінде HDMI арқылы қосылған сыртқы жазу құралдарына аудио шығыста төрт секундтық аралықтарда бұрмалану орын алатын.
    • - RETOUCH MENU (ӨҢДЕУ МӘЗІРІ)NEF (RAW) processing (NEF (RAW) өңдеу) дисплейінде Exposure compensation (Экспозиция түзетілімі) үшін теріс мәндерді таңдаудың қажет әсері болмайтын.
    • - Аралықты реттейтін таймер арқылы фотосурет түсіру кезінде Exposure smoothing (Экспозицияны тегістеу) үшін ON күйін таңдау біріншіден кейінгі барлық түсірілімдердің жарық көзінде артық ұсталуына әкелетін.

Ескертпе
Осы бағдарлама жасақтамасы орнатылғаннан кейін Camera Control Pro 2 бағдарламасының 2.22.0 және ертерек нұсқаларының Windows шығарылымы енді фотокамераны анықтай алмайды. 2.23.0 немесе одан кейінгі нұсқаға жаңартыңыз.

Фотокамера бағдарлама жасақтамасының нұсқасын көру
  1. Фотокамераны қосыңыз.
  2. Фотокамераның бағдарлама жасақтамасының нұсқасын көрсету үшін фотокамераның MENU түймешігін басыңыз және SETUP MENU (БАПТАУ МӘЗІРІ) ішінде Firmware version (Бағдарлама жасақтамасының нұсқасы) тармағын таңдаңыз.
  3. Фотокамераның бағдарлама жасақтамасының нұсқасын тексеріңіз.
  4. Фотокамераны өшіріңіз.
Өнім сипаттамасы
Аты D5500 «C» бағдарлама жасақтамасының 1.02 нұсқасы
Қолдау көрсетілетін фотокамералар D5500
Қолдау көрсетілетін фотокамера бағдарлама жасақтамасының нұсқалары «C» бағдарлама жасақтамасының 1.00–1.01 нұсқалары
Файл атауы F-D5500-V102W.exe
Жүйелік талаптар
  • Microsoft Windows 10 Home
  • Microsoft Windows 10 Pro
  • Microsoft Windows 10 Enterprise
  • Microsoft Windows 8.1
  • Microsoft Windows 8.1 Pro
  • Microsoft Windows 8.1 Enterprise
  • Microsoft Windows 7 Home Basic
  • Microsoft Windows 7 Home Premium
  • Microsoft Windows 7 Professional
  • Microsoft Windows 7 Enterprise
  • Microsoft Windows 7 Ultimate
Ескертпе: жад картасын оқу құралы немесе ішіне орнатылған жад картасының ұяшығы бар компьютер қажет.
Авторлық құқық Nikon корпорациясы
Мұрағат түрі Өздігінен шығарып алынатын
Көшіру Рұқсат етілмеген
Фотокамераның бағдарлама жасақтамасын жаңарту
  1. Компьютердің қатты дискінде қалта жасап, қалағаныңызша атаңыз.
  2. F-D5500-V102W.exe файлын 1-қадамда жасалған қалтаға жүктеңіз.
  3. Келесі файлды «D5500Update» атты қалтаға шығарып алу үшін F-D5500-V102W.exe файлын іске қосыңыз:
    • D5500_0102.bin (фотокамераның бағдарлама жасақтамасы)
  4. Карта ұяшығын немесе жад картасын оқу құралын пайдаланып, «D5500_0102.bin» файлын фотокамерада пішімделген жад картасына көшіріңіз.
  5. Жад картасын фотокамераның жад картасы ұяшығына салып, фотокамераны қосыңыз.
  6. SETUP MENU (БАПТАУ МӘЗІРІ) ішінде Firmware version (Бағдарлама жасақтамасының нұсқасы) тармағын таңдаңыз және бағдарлама жасақтамасының жаңартылуын аяқтау үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
  7. Жаңарту аяқталғаннан кейін фотокамераны өшіріңіз және жад картасын алыңыз.
  8. Бағдарлама жасақтамасы жаңа нұсқаға жаңартылғанына көз жеткізіңіз.

Ескертпе: егжей-тегжейлі нұсқаулар немесе жаңартуды аяқтау үшін қажет жабдық туралы ақпарат алу үшін келесі pdf файлын жүктеңіз:
DSLR_Firmup_Win_En.pdf (PDF) (0,21 МБ)

Ескертпе: сіз үшін жаңартуды Nikon компаниясының қызмет көрсету өкілі орындай алады.

Өнім сипаттамасы
Аты D5500 «C» бағдарлама жасақтамасының 1.02 нұсқасы
Қолдау көрсетілетін фотокамералар D5500
Қолдау көрсетілетін фотокамера бағдарлама жасақтамасының нұсқалары «C» бағдарлама жасақтамасының 1.00–1.01 нұсқалары
Файл атауы F-D5500-V102M.dmg
Жүйелік талаптар
  • macOS Sierra 10.12 нұсқасы
  • OS X 10.11.6
  • OS X 10.10.5
  • OS X 10.9.5
  • OS X 10.8.5
  • OS X 10.7.5
  • Mac OS X 10.6.8
Ескертпе: жад картасын оқу құралы немесе ішіне орнатылған жад картасының ұяшығы бар компьютер қажет.
Авторлық құқық Nikon корпорациясы
Мұрағат түрі Өздігінен шығарып алынатын
Көшіру Рұқсат етілмеген
Фотокамераның бағдарлама жасақтамасын жаңарту
  1. F-D5500-V102M.dmg файлын жүктеңіз.
  2. «D5500Update» атты қалтаны қамтитын диск кескінін бекіту үшін F-D5500-V102M.dmg белгішесін екі рет басыңыз. Бұл қалта өз кезегінде келесі файлды қамтиды:
    • D5500_0102.bin (фотокамераның бағдарлама жасақтамасы)
  3. Карта ұяшығын немесе жад картасын оқу құралын пайдаланып, «D5500_0102.bin» файлын фотокамерада пішімделген жад картасына көшіріңіз.
  4. Жад картасын фотокамераның жад картасы ұяшығына салып, фотокамераны қосыңыз.
  5. SETUP MENU (БАПТАУ МӘЗІРІ) ішінде Firmware version (Бағдарлама жасақтамасының нұсқасы) тармағын таңдаңыз және бағдарлама жасақтамасының жаңартылуын аяқтау үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
  6. Жаңарту аяқталғаннан кейін фотокамераны өшіріңіз және жад картасын алыңыз.
  7. Бағдарлама жасақтамасы жаңа нұсқаға жаңартылғанына көз жеткізіңіз.

Ескертпе: егжей-тегжейлі нұсқаулар немесе жаңартуды аяқтау үшін қажет жабдық туралы ақпарат алу үшін келесі pdf файлын жүктеңіз:
DSLR_Firmup_Mac_En.pdf (PDF) (0,17 МБ)

Ескертпе: сіз үшін жаңартуды Nikon компаниясының қызмет көрсету өкілі орындай алады.

Соңғы пайдаланушының лицензиялық келісімі

PDF файлдарын тегін Adobe® Reader® бағдарламалық жасақтамасын пайдаланып көруге болады.
Adobe® Reader® бағдарламасын жүктеңіз.